Белсендіден бизнесменге дейін: Дмитрий Дмитриев — білім саласындағы қағидалар туралы, өзін –өзі дамыту және кәсіпкердің негізгі қабілетттері жайлы

Жаңалықтар

Тамыз 13, 2019

Белсендіден бизнесменге дейін: Дмитрий Дмитриев — білім саласындағы қағидалар туралы, өзін –өзі дамыту және кәсіпкердің негізгі қабілетттері жайлы

-Дмитрий Дмитриев  30 жаста, ол  Алматы қаласында туып өскен. Мектепті аяқтағаннан кейін  2006 жылы Almaty Management University-дің  «Экономика және қаржы»  мамандығына оқуға түседі. Диплом алғаннан соң  Дмитрий БАӘ-де, Нидерландыда және  Швейцарияда жұмыс істеген, ал  2014 жылы ол жеке бизнесін дамыту мақсатында  Қазақстанға қайтып оралған.

Ол қазір Flow International компаниясының Орталық Азиядағы және Қазақстандағы  офисін басқарады. Сонымен қатар  My Future Today компаниясын дамытумен айналысады. Flow International әртүрлі ұйымдарға компания мәдениетін арттыруға көмектеседі, ал My Future Today жобасы жеткіншектердің өз жолын анықтауына бағытталған жоба.

Дмитридің айтуынша  әр түрлі елдерде жұмыс істеу адамның көзқарасын өзгертеді. Біздің елімізде не себепті  бәсекелестік тауар мен  қызмет саласында  кеңінен таралмай отыр, жеке кәсіп ашу үшін қандай қабілет қажет?


Студенттік өмір

Мен AlmaU-мен алғаш рет 2006 жылы таныстым, басқа бірінші курстықтарға қарағанда  сәл  ертерек  келдім деп ойлаймын. ҰБТ-да мектепті үздік аяқтап, өз мамандығы бойынша грант алу үшін маған бір балл жетпеді. Бірақ мен AlmaU-да  "МегаШанс" гранттарының байқауы өткізілетінін  білетін едім. Бұл талапкерлер үшін өткізілетін жыл сайынғы олимпиада 2005 жылдан басталған. "МегаШанс" - бұл төрт жыл бойы  университетте оқу үшін  жүз пайыздық грант немесе жеңілдік алу мүмкіндігі.

 

Байқаудан  өту үшін бейнеролик түсіріп, эссе жазып, ҰБТ немесе КТ-дағы бейінді екі пән бойынша тест тапсырып және IQ тестінен өтіп, өз бизнес-жоспарыңды  әзірлеу қажет болды. Олимпиадаға қатысу үшін жақсы  дайындалу қажет. Мен өз демалыстарымның көп уақытын  эссе дайындау және  бизнес-жоспар құрастырумен  өткізгенім есімде. Нәтижесінде маған барлық төрт жылға  жүз пайыздық грант бөлінді. Ата-анамның менің оқуымды төлемегенін  мақтан тұтамын. Бұл мен үшін өмірдегі биік шыңдарды бағындыру жолындағы елеулі жеңіс болды.

AlmaU - да өте жайлы, жылы атмосфера болатын, әр түрлі курстардың студенттері  өзара  араласып тұратынбыз. Көп адамдар кітапханада бірге тапсырмалар жасап,  сұрақтар туындаған кезде, кафедраға келіп   жауап алатын едік. Оқудың алғашқы бірнеше аптасында мен өзімнің студенттік өмірімді барынша  өзгерткім  келді және барлық студенттік ұйымдар мен клубтарға жазылдым. Бұл студенттік газет, тауға шығу клубы, дебатерлер клубы, AIESEC сияқты халықаралық жастар ұйымдары еді. Мен топтың басшысы  болған жоқпын, бірақ біздің потоктың  студенттері арасында бейресми белсенді адам болдым. Мен қатысатын  студенттік ұйымдардың тобына  барлық курстың балалары қатысатын, мен осының арқасында өзіме  достар таптым және  болашақтағы қызмет жайлы көзқарасымды өзгерттім.

Дмитрий дмитриев

Шетелдегі жұмыс туралы

Мен жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін халықаралық компаниялардан бірнеше ұсыныс алдым. Жаңа өмірді көрейін деп  шешіп, мен  Дубайға ұшып кеттім, ол кезде  мен 21 жаста едім. Ол жақта мен  білім беру, бизнесті дамыту және сату саласында жұмыс істедім. Жаңа елде  халықаралық және араб компанияларының директорларымен кездесіп, әріптестік байланыс жасадым, сондай-ақ осы ұйымдардың қызметкерлерін дамытумен айналыстым. Бұл тәжірибе мен үшін өмірлік мектеп  болды.

БАӘ-де жұмыс істегеннен кейін мен барлық жерде мүмкіндіктердің бірдей екендігін түсініп, әлемге басқаша көзқараспен қарай бастадым. Басқа елге барып, өзіңді таба алмайсың деп маған ешкім айта алмайды деп ойлаймын?

Нидерландыға көштім, онда  Дубай қаласында жұмыс істеген ұйымның бас кеңсесіне қызметке орналастым. Сол кезде мен, яғни  22-23 жасымда маңызды, негізгі рөл атқардым, атап айтқанда - мен Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Африка және Англиядағы стратегиялық әріптестік пен бизнестің дамуына жауап беретін маман болдым. Осы позицияда жұмыс істеген кезімде мен жарты жыл бойы Сингапурда, Гонконгта, Стамбулда, Найроби мен Лондонда іссапарларда жүрдім. Бұл тәжірибе менің әлем азаматы ретінде ойлау қабілетімді қалыптастырып, менің кәсіби жолымның алғашқы жылдарында жақсы іргетас болды.

Содан кейін онлайн-маркетинг саласында өзімді сынап көруді шештім де, бір жыл шет тілін оқыту саласындағы халықаралық компанияда жұмыс істеу үшін  Цюрихке көштім. Ол жерде  мен мәтін жарнамасы және ақылы іздеу (paid search) бойынша  бүкіл орыс тілді аймаққа жауап бердім. Мұнда мен жарнама саласындағы жаңа трендтермен және аймақтың ерекшеліктерімен таныстым.

2014 жылы мен өмірімнің осы кезеңіне дейін жинақтаған өз тәжірибемді, қабілетімді барлық қасиеттерімді, дүниетанымымды  Қазақстанда қоғамның дамуына ықпал ету үшін жұмсау керектігін түсіндім.

Дмитрий дмитриев

Бизнес жасау идеясы

Мен шетелде жүргенде  дамуыма және дүниетанымыма қатты әсер ететіндей, көптеген идеялары бар тұлғалармен  кездестім. Олармен бірге біз адамдар мен ұйымдарды дамыту жөніндегі компанияны құруға шешім қабылдадық. Нидерландыда жұмыс істегенімде маған  бірнеше білім беру бағдарламалар мен тренингтер қатты әсер еткен еді. Онда мені оқыту форматы, адамдарға деген көзқарастың өзі  таңқалдырды. Сол кезде менде мұндай компания Қазақстанда болса, бұл өте керемет  болар еді деген ой пайда болды. Тренинг барысында қазіргі әріптестермен достасып, олармен  бірнеше жыл бойы байланысып тұрдым, содан кейін Қазақстанның дамып келе жатқан нарығы біз үшін жақсы орын  болуы мүмкін деген қорытындыға келдім.

Мен қазір  Қазақстан мен Орталық Азиядағы Flow International компаниясының кеңсесін басқарамын. Біз ұйымдарға компанияның мәдениетін дамытуға  көмектесеміз. Соңғы бес жылда біз орта есеппен жылына 2-2,5 рет кеңейіп-дамып  отырмыз. Біздің тұтынушыларымыз -ұйымның мәдениетін саналы түрде дамытуға  тырысып жүрген орта және ірі бизнес компаниялары. Бүгінгі күні қарқынды даму, технологиялардың жедел өсуі және нарықтағы белгісіздік жағдайлар ұйымдардың бизнес-модельдерін  жаңарту және өз стратегиясын қайта ойластыру қажеттілігін тудыруда.

Қазіргі уақытта ұсынылатын өнімдер мен қызметтер деңгейінде бәсекеге түсу мүмкін емес — басқару және ұйымдастыру мәдениетінің  бәсекелестігі шығуда.

Бұл жерде біз тұтынушыларға  әр түрлі сатыда көмектесеміз: мәдениетті диагностикалау, оны белсенді ету және тұрақты түрде қолдау көрсету.

Дмитрий дмитриев

My Future Today жобасы жайлы

2016 жылы біз тек қызметкерлер мен ұйым басшыларына компаниядағы мәдениетті өзгертуге көмектесуді ғана емес, сонымен қатар жеке даму құралдарын пайдалана отырып, жасөспірімдерге өзін-өзі анықтау мен дамытуға жәрдемдесу қажеттігін  түсіндік. Осылайша, біз 14-18 жас аралығындағы жастарға арналған My Future Today жобасын  іске қостық. Мұнда балалар арасында  18-ден 30 жасқа дейінгі ересек өмірге аяқ басуға мүмкіндік беретін іскерлік ойындар өткізіледі. Олар ойын барысында уақыт пен ақшаны жұмсау үшін өздері шешім қабылдайды. Содан кейін олар өз шешімдерінің нәтижесімен  бетпе-бет келіп, өздерінің істерін сараптайды. Олар болашаққа, мақсаттары мен мамандыққа қалай қарайтынын түсіне бастайды. Олардың өзін және әлемді зерттеу қызығушылықтары оянады. Жастардың жауапкершілігі артып, тәуелсіз бола бастайды.

Бұл екі бағыт: жасөспірімдерді дамыту жұмысы және ұйымдардың мәдениетін жақсарту ісіне, яғни білім беру және консалтинг жұмысына  мен көп  уақытымды жұмсаймын және бұл іс мен үшін қызықты. Ең  таңқаларлық нәрсе: адамдар он бесте немесе елуде болса да өз күш-жігерінің нәтижесін көрсе, олар ашылып, саналы да бақытты өмір сүреді.

Бизнесменнің басты қабілеттері

Жеке бизнеспен айналысқанға дейін Швейцариядағы EF Education First халықаралық ұйымында жұмыс істедім, онда мен жақсы жалақы  алдым. Бір жағынан, мен үшін  мансап жолымды дамытудың жақсы мүмкіншілігі болды, екінші жағынан, өз жобаларымда өзімді жылдам дамыта алатынымды түсіндім. Бірінші қажетті қабілет-өзіңді дамыту мен болашағың үшін жауапкершілік алу үшін батыл болу керек.

Екінші қасиет — не үшін, кім үшін неге қол жеткізгің келеді соны жоспарлап отыру қажет. Бір қалада жоба жасағыңыз келеді ме, әлде халықаралық нарықта көшбасшы компания құруды ойлайсыз ба? Жоспар жасасасаңыз, ол-  күн сайын сіздің  іс-әрекетіңізді анықтайды.

Үшінші қасиет-күшті команда жинау қабілеті. Менің ойымша, бұл кәсіпкерлердің  жұмыс істейтін адамдардан айырмашылығы. Бұл қабілет бірнеше сапаны қамтиды: адамдарды өз көзқарасымен, ісімен шабыттандыра білу, олар сізбен бірге қалай өсе алатынын түсінулері қажет және алдыға міндеттер қоюды үйренуі керек. Мен әлі күнге дейін адамдарды  бақыламаймын, өйткені менің жаратылысым сондай, оның орнына бәрін өзім жасағаным оңай. Бірақ  бұл жағдай   басшы ретінде маған кедергі келтіреді.

Дмитрий дмитриев

Хобби

Мен саяхаттағанды ұнатамын. Отыз жасыма дейін 56 елге барғандығыма  қуаныштымын. Негізінен Еуропа, АҚШ, Азия және Африка елдері. Кейбір  елдерге жұмыс барысымен  бардым, бір жерлерге конференцияға шақырды, ал бір жерлерде турист ретінде болдым. Осыған байланысты  көптеген елдің мәдениетімен танысқаннан кейін қалыптасқан кең дүниетанымды мақтан тұтамын. Еуропа елдері  маған өте ұнайды, әсіресе Жерорта теңізі: Португалия, Испания, Италия, Балқан түбегі. Оңтүстік-Шығыс Азияның да өз ерекшелігі  бар. Маған Таиланд, Малайзия, Сингапур ұнайды, бірақ  маған ең                                                   жақыны — Таяу Шығыс! Мені адамдардың қонақжайлылығы, дәмді астары мен мәдениеті таңқалдырады. Мен Иран, Ливан және Иорданияға тағы да барсам деп ойлаймын.

Дмитрий дмитриев

Жобадан бос уақытта табиғат аясында уақыт өткізуге тырысамын. Бес-алты жыл бұрын жүгірумен әуестене бастадым, ал екі жылдан кейін  тауға шығуды әдетке  айналдырдым. Қазір әуесқой ретінде тауда жүгірумен-скайраннингпен айналысамын. Қазір  Алматыда бұл бағыт танымал. Бірнеше рет ультрамарафонға қатыстым — 42 километрден астам қашықтыққа жүгіру мүмкіндігім болды. Мысалы, мен жалпы ұзындығы 73 шақырымдық Іле өзенінің бойында ұйымдастырылған ультрамарафонды жүгіріп өттім.

Дмитрий дмитриев

Студенттер мен түлектерге берер кеңесім

Менің ойымша университетте оқу кезі-адамның өзін тануы үшін ең жақсы мүмкіндік уақыты. Әрине, бұл істі мектепте бастау қажет. Бірақ ЖОО-да әр заттқа саналы, ересек көзқараспен қарау қалыптасады. Мен барлық студенттерге университетте белсенді болуға, оқу кезінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануға және кейде өзіңнен "Мен Өзім туралы нені білдім және әлем жайлы не  білемін?"деп сұрауға кеңес берер едім. Білім беру ақылы қызмет болғандықтан, студенттер университетте ана нәрсе жоқ, мынау жетіспейді деп шағымданғанды жақсы көреді. Себебі олар тұтынушы ретінде ойлайды. Менің ойымша, "жекелік" тұрғысынан ойлау керек. Университетте нені қалай жақсартуға болатынын ойлану керек сияқты.

Мен университетті бітіргеннен кейін де  немен айналысқысы келетінін және жұмыс берушілерге не қажет екенін түсінбейтін көптеген адамдарды білемін. ЖОО мұндай сұрақтарға жауап табу үшін жақсы платформа болып табылады.

Рекомендации учебным заведениям либо университетам либо вузам

Университетке нұсқаулық

  • Студенттердің пікірін тыңдауға және оларға қолдау көрсетуге кеңес берер едім.  AlmaU-да әрқашан осылай істейтін.
  • Тек магистратура ғана емес, бакалавриат студенттеріне де байланыс  жасау үшін бизнестен көптеген адамдарды шақыру керек.
  •  Студенттердің командалар мен нақты жобаларда жұмыс істеу қабілеттерін  дамыту үшін көбірек Project Based Learning тәсілдерін енгізу қажет.

Дереккөздер: https://the-steppe.com/business/ot-aktivista-do-biznesmena-dmitriy-dmitriev-o-stereotipah-v-obrazovanii-samorazvitii-i-glavnyh-kachestvah-predprinimateley

Бөліс: