Бейнебаян: Қалай болып еді. Алматы Марафон 2016!

Жаңалықтар

Мамыр 04, 2016

Бейнебаян: Қалай болып еді. Алматы Марафон 2016!

Aлматы Менеджмент Университеті, міне,  3 жылдан бері  Алматы Марафонына қатысып келеді әрі жылдан жылға қатысушылар командалары мықтылар  қатарынан көрінбекші. Биыл  AlmaU оқу орындарының ішінен ең  саны жағынан көлемді команда ұсынды.

Алматы Менеджмент Университеті командасын жоо президенті  Асылбек Қожахметов, ректоры  Алмагүл Қанағатова, сонымен қатар қаржы және корпоративті даму жөніндегі проректор Руслан Қожахметов бастап келді.  Толық марафондық қашықтықққа 3 студент қатысты,  21 км-ге –  30 студент пен  10 қызметкер және оқытушылар шықты, ал қалғандары «ондыққа» жүгірді.

 AlmaU студенттері және қызметкерлері үшін «салауатты өмір салты» деген сөздер маңдайшаларда жазылған үндеу ғана емес. Бұл дегеніміз үнемі өткізіліп тұратын спорттық шаралар: байқаулар, жарыстар, денсаулық айы мен апталықтары. Бұл президенттік көп сатылы жарыстағы жеңістер, студенттер арасында өтетін Мұзайдынындағы шоу, тауға шығу, веложарыстар, республикалық және халықаралық турнирлер мен біріншіліктер.

«Бірінші болу- батырлық»  марафонына қатысу AlmaU-да қабылданған  «2013-2017 жылдарға салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасымен» тікелей үйлеседі. Осы бағдарлама аясында жоо Спортклубында альпинистер клубы, тренажер залы, футболдан, баскетболдан, волейболдан, үстел теннисінен, карате, самбо, қазақша күрес секциялары жұмыс істейді.

ЖОО –ның марафонға дайындығын   мына сілтеме арқылы  білуге болады

Сонымен қатар  іс-шараның фотоальбомы ұсынылады.

 

Бөліс: