Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін құқықтық мәдениет

Жаңалықтар

Желтоқсан 07, 2015

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін құқықтық мәдениет

2015 жылдың 5 желтоқсанында Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) адам құқығы аптасы қарсаңында «Кәмелетке жетпегендерде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы» атты тренинг өтті. Тренингке қатысқандар №2 балалар үйінің 9 және 10 сынып оқушылары болды.

Шараны ұйымдастырушылар - AlmaU құқық Мектебі, базалық дайындық факультеті және қоғамдық пәндер кафедрасы. Бұл кездесу "Servise learning" жобасы аясында өтті, бұл жаңа пән жоғары оқу орнына осы күзде енгізілген болатын (Service learning – қоғамға қызмет ету арқылы білім алу).

«Құқық» кафедрасының меңгерушісі  Айымгүл Тілеужанова және құқық Мектебінің 4 курс студенттері интербелсенді түрде төмендегідей бағыттарға байланысты тренинг өткізді:

- Азамат пен баланың құқығы тең бе?

- Тұлғаның құқық пен ерік шегі қаншалықты?

- Адам мен азаматтың  құқық пен ерік бойынша қандай топтары бар?

- Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз қандай нормативті актілермен бекітілген?

- Біздің міндеттеріміз қай жерден басталып, қай жерде бітеді?

Балалар шағын топтарға бөлініп, сұрақтарды талқылауға белсенді қатысты. Олар плакаттарға суреттер салып, тақырып бойынша жобаларын қорғап, тапқырлықтарын, дағдыларын көрсетті.

Байқаудан кейін ХБА колледжінің  КВН командасы  шығып, балалар олардың өнерін тамашалады. Студенттер әзілдеп, балалардың көңілінен шығуға тырысты, содан кейін қонақтарға университеттің мұражайы көрсетілді, жоғары оқу орнын аралап, экскурсия жасады.  Кездесудің соңында балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Құқық» кафедрасында ас-шай ұйымдастырылып, балалар өз әсерлерімен бөлісті. 

Бөліс: