Азаматтық қоғамды дамытудағы университеттің рөлі
9 қараша 2018 жылы Алматы Менеджмент Университетінде «Азаматтық қоғамды дамытудағы университеттің рөлі» атты халықаралық конференция өтті.
Конференцияны «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ және «Алматы Менеджмент Университеті» БМ ұйымдастырды. Сонымен қатар іс-шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік жоғары оқу орындарының қауымдастығы ұйымдастыруға қатысты.
Конференция барысында Қазақстандағы Азаматтық қоғамның жағдайы талқыланды және болашақта оны дамытудың жолдары қарастырылды. Сонымен қатар мемлекеттік үкімет органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы, ынтымақтастығы және мәселелері сарапталды.
Жоғары оқу орындарының азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі, жоғары оқу орындарының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау және жүзеге асыру жағдайы қарастырылды. Іс-шараға қатысушылар азаматтық сауаттылықты дамыту және студенттер арасында еріктілер қозғалысын қолдауды айтты. Әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын талқылап, ұлттық мүддеге негізделген, мемлекет пен қоғамға қызмет ететін, жаңа форматтағы жоғары оқу орындарын құру қажеттігін атап өтті.
Конференцияға 50-ден астам қазақстандық және шетелдік университет өкілдері қатысты, сонымен қатар 40 шақты үкіметтік емес ұйым мүшелері, қазақстандық белгілі қайраткерлер мен сарапшылар, ғылыми және академиялық институттардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық мүшелері қатысып, төмендегідей тақырыптар талқыланды:
«Азаматтық қоғам дамуындағы университеттің үлесі»
«Қоғамға қызмет ету» студенттердің әлеуметтік және азаматтық белсенділігін дамытатын құрал
Заманауи Қазақстан университеттерінің үрдістері: маңызды болудың шарттары қандай?
Университет пен ҒӨБ ынтымақтастығы: бір-бірінен нені үйренуіне болады?
«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда университеттің атқаратын рөлі
Конференция барысында сөз сөйлеген баяндамашылар:
• Сергей Коновалов, Қазақстан Республикасы қоғамдық даму вице-министрі
• Абдурахим Мухидов, БҰҰ қоғамдық ақпарат департамент бастығы
• Асылбек Кожахметов, Қазақстан Азаматтық Альянс және Almaty Management
University Президенті
• Энни Ло, Азия-Тынық мұхит аймағындағы AACSB вице-президенті және бас
директоры, Сингапур
• Такир Балыкбаев, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры
• Сергей Мясоедов, РХШ және МҚА проректоры, Ресей
Майра Сулеева, Мүгедектердің «Кеңес» қоғамдық бірлестігі
Канат Нуров, «Aspandau» ғылыми-білім беру қорының Президенті
• Гульмира Курганбаева, Almaty Management University ректоры
Конференцияны ұйымдастырушылардың бірі- 2005 жылы құрылған «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ. Альянстың- Қазақстан өңірінде көптеген филиалдары бар, ірі ҮЕҰ республикалық бірлестік. Бүгінгі күні Қазақстанның Азаматтық Альянс мүшелерінің саны 500-ден астам. Қазақстанның Азаматтық Альянсының мақсаты - үкіметтік емес сектордың мүдделерін қорғау. Альянс қызметі азаматтық қоғамды дамытуға және қоғам, билік, бизнес арасындағы тұрақты әрекеттесуді қалыптастыруға бағытталған. Қоғам қайраткері, бизнес-білім және менеджмент саласының сарапшысы, Алматы Менеджмент Университеті президенті Асылбек Қожахметов 2018 жылдың 5 маусымынан бастап Альянс президенті болып табылады.
А. Қожахметовтың айтуынша, тұрақты және күшті мемлекетті құру үшін- мықты азаматтық қоғам болуы қажет және бұл ретте қазақстандық Жоғары оқу орындарының маңызы ерекше. Бүгінгі күні университеттер жас ұрпақты тәрбиелейтін білім, ғылым ордасы ғана емес, сонымен қатар интеллектуалды орталық болуы тиіс және экономиканың, қаланың, жергілікті аймақтың дамуына үлес қосуы керек.
Конференция барысында жоғары оқу орындарының әлеуметтік рөлі мен жауапкершілігіне, жастардың құқықтары мен мүдделеріне, білім беру саласындағы озық тәжірибе алмасуға, жастарға бағытталған жобалар мен бағдарламаларға әсер ететін өзекті мәселелер талқыланды.