Астана қ. әкімдігі ұйымдастырған гранттар конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Алматы Менеджмент Университетінде Астана қ. әкімдігінің атынан грант ұтып алуға мүмкіндік беретін байқау болып өтті.
Астана қаласының әкімдігі «SMART CITY» бағдарламасын дамыту үшін еліміздің іскер қаласына арнап болашақта маңызы бар мамандықтарға ивестиция құюға дайын. Осы мақсатпен қала басшылығы «Кәсіпкерлік саласында бизнесті басқару» және «Business analytics and big data» мамандықтарына бакалавриат (4 жыл) бағдарламасы бойынша гранттар бөлді.
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІ БАСҚАРУ — практика мен тәжірибені басқарудың алдыңғы қатарлы теориясының синергиясы, сондай-ақ ол білімнің құзіреттілікке айналатын оқу ортасы. Кәсіпкерлік ойлаумен мамандар дайындау бойынша бакалавриат бағдарламасы, бизнесті 0-ден бастауға қабілетті, аймақта бизнестің экожүйесін дамыту.
Бағдарлама бітірушілерінің бәсекелестік артықшылығы кәсіпкерліктің экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік дамуы білімі, жаңа компания құру дағдысы, стартап пен жобаларды әзірлеу мен коммерцияландыру дағдылары бар, ұйым мен басқару саласының жоғары білікті менеджерін дайындау болып табылады.
«Кәсіпкерлік саласында бизнесті басқару» мамандығы бойынша байқау қорытындысы
BUSINESS ANALYTICS AND BIG DATA бойынша мамандар — XXI ғасыр кәсіпқойларының жаңа түрі. Бизнес-аналитика мен үлкен деректер саласымен байланысты, білімнің төрт саласына бойлай енуге бағытталған қазіргі заманғы бағдарлама: Big Data Technologies, Data Science, Business Transformation, Professional Skills.
Бағдарлама бітірушілерінің бәсекелестік артықшылығы бизнесте әртүрлі бэкграунд-жұмыс тәжірибесі бар, IT, экономиканы, математика мен сабақтас ғылымдарды білетін және ақпаратпен жұмыс істеуге: жинақтау, талдау және деректерді интерпретациялауға қабілетті үйлесімді дамудағы профессионалдарды дайындау болып табылады.
«Business analytics and Big Data» мамандығы бойынша байқау қорытындысы
Барлық сұрақтар бойынша Almaty Management University Қабылдау комиссиясына жүгіне аласыз
Байланыс нөмірі: + 7 (727) 313 30 90 (93)