Армандаған тәжірибе
Осы жазда Almaty Management University алты студенті қазақстандық және ресейлік компанияларда практикадан өтуге бірегей мүмкіндік алды, соның ішінде: "Қостанай минералдары" АҚ, "Оренбург минералдары" ААҚ және KazPetrolGroup мұнай өндіруші компаниясында.
14 маусымнан 14 қыркүйекке дейін, практиканың бүкіл кезеңінде AlmaU студенттері , әлеуметтік желілерде алған әсерлерімен фотосуреттерімен бөлісті. Біздің студенттер үшін өндірісте болған екі ай бекер өткен жоқ, сұқбаттарында олар осы жазды қалай өткізгендері жайында айтып берді.
Мұнаймен танысу
Тельман Қуан, қазақ бөлімі «Логистика» мамандығының 3 курс студенті және «Қаржы» мамандығы ағылшын бөлімінің 4 курс студенті Нұрлыбек Мусатаев осы өткен 2 айда мұнай өндірісімен жақынырақ танысты.
- Қызылордаға 14 шілдіде сағат 11.30-да келдік, - деп әңгімелейді Тельман, - бізді KazPetrolGroup адамдары күтіп алды да, компанияның бас офисіне алып барды. 10 минут өтпей, бірден арнайы киім, каска берді, сөйтіп қаладан 170 км жердегі өндіріске жіберді. Сағат үштерде вахталық кентке келдік, бізді жылдам орналастырып, өндірістегі және төтенше жағдайларда техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқамалық жүргізді. Содан кейін біз геология бөліміне барып, жұмысқа кірістік: жер қойнауын зерттеу актілерімен, геомәліметтермен таныстық. Жұмыстан кейін жергіліктілермен араласып, бірге кешкі ас іштік. Мұнда жұмыс күні сағат 7-де басталып, кешкі 7-ге дейін созылады екен. Таңғы ас сағат 6-да, түскі ас- 12-де, кешкі ас- 19.00-де. Кенттің тәртібі қатаң, тұрғындарының бәрі өз міндеттерін біледі, тәртіпті сақтайды, ешкім бос жүрмейді, бәрі жұмыспен айналысады.
Жігіттерді екінші күні мұнай өндірісімен танысу күтіп тұрды. Алдымен олар Южный Хайыркелді, Юго-Западный Хайыркелді, Северный Хайыркелді, Таур ұңғымаларын тексеруге аттанды. Студенттер құбыр желісіндегі мұнай қысымын екі сағат сайын тексеріп тұру керек екенін білді. Құбырды парафин әсерінен қорғау үшін құбыр желісіндегі қысымды бақылау керек. Қысымның өзгеруі өндірістік тізбекті «бұзуы» мүмкін. Құбырларды тазарту үшін үш тәсіл қолданылады: мұнаймен және үңгімен жылытып, бумен өңдеу. Түстен кейін балалар кентке оралып, жер қойнауының геологиялық ерекшеліктерімен, құрамымен, ұңғымаларды салумен танысты.
Студенттер үшінші күні түске дейін мұнайды бөлетін орында болып, Таур кен орнынан алынған мұнайды тазарту үдерісін бақылады. Мұнайдың құрамында өңделмеген кезінде су, тұз қалдықтары және механикалық қоспалар болады екен, оларды осында тазартып, мұнайдың сапасын арттырады. Түстен кейін практиканттар ұңғылау процесімен, 4 мың метр тереңдікке дейін бұрғылайтын құрылғымен танысады.
Бар болғаны студенттер Құмкөл кен орнында 2 вахта, яғни 15 күн болды. Мұнайды тасымалдаудың әрі оны өндіру процесінің барлық сатысымен танысты. Практиканың екінші айында студенттер Қызылордада, бас кеңседе жұмыс істеді, Brent Oil маркалы мұнай бағасына болжау жасап, бұрғылау және бұрғылау жабдықтарын байланыстыру бойынша есептоптарын жасады, логистика әдістерімен танысты.
Нұрлыбек Мусатаев бұрын мұнай шығарудың не екенін елестете алмағанын айтып, ойымен бөлісті: «Біз далада мұнай шығаратынымызды, онда өте ыстық болатынын жобалап білетінбіз, бірақ, шын мәнінде, не күтіп тұрғанын көз алдымызға елестету қиын болды. Осының бәріне қарамастан, меніңше, біз барлық тапсырманы орындадық. Жергілікті тұрғындар, яғни вахталық кенттің адамдары бізге барынша көмектесті. Маған қызылордалықтар ұнады, олар - ашық, білікті, бәрін оп-оңай, түсінікті ғып айтып берді. Біз бәрін үйрендік, геологиялық және геофизикалық барлаудан бастап, экспорттық магистральда ауыстырып, тиеуге дейін».
Тельман Қуан: «Егер келешекте тікелей мұнай өндіру саласында жұмыс істеу керек болса, мен оның негізін, іргетасын, не істеу керек екенін білемін деп айта аламын. Біз де алғашында ұқпадық, неге біздерді, қаржыгерлер мен логистерді осы кен орнына жібергенін. Бірақ кейін біз кез келген салада логистер де, қаржыгерлер де керек болатынын түсіндік, егер сенің, шын мәнінде, жақсы маман болғың келсе, саған бәрібір өзің істейтін салада дайындықтан өту керек екен.
Бір ай ішінде бизнес-процестермен, өндірістік процестермен танысып, экономикалық жоспарлау, логистика және HR-бөлімінде болып, олардың шынайы жағдайда қалай жұмыс істейтіндерін білдік, бәрін қолымызбен ұстап,кей жабдықтарды жөндеп те бердік. Біз салықты есептеуді үйрендік, теория жүзінде емес, практикада. Шынында, суреттен көрген бір бөлек, ал процестің өзін көріп-білу бір бөлек дүние екен.
Соңғы екі аптада бізге бизнес-кейс сияқты тапсырма берді, біз жалға алудың төлемін азайту үшін мердігер компаниялардың шығындарын есептеп шығу керек едік. Нәтижесінде біз оларға төлемдерін өтегендерін, олардың айырмашылығы жоғары екенін дәлелдеп бердік. AlmaU –да алған біліміміздің пайдасы тиді. Біз тапсырмаға жауаптылықпен қарап, соңында, компания біздің есептеулермен танысып, мәмілеге келді».
Жігіттердің есінде қалғаны – кен орнында жұмыс істегендері, дәлірек, ыстықта бірнеше сағат шөп орғандары… «Иә, иә, бұл қалжың емес, - деп, әңгімесін Нұрлыбек жалғастырды, - техника қауіпсіздігі бойынша жұмыс істеп тұрған ұңғыма жанында шөпті өртеніп кетпес үшін орып тастау керек екен. Яғни, жұмысшылардың айтуы бойынша, барлық практиканттар осыдан өту керек. Шынын айтқанда, бірнеше сағат орудан кейін ыстықтан емес, бітпейтін процестен күйзеле бастайсың. Сөйтіп, біз ұңғыманың айналасында жүріп, қолымыздан келгенше бір-біріміздің көңілімізді көтердік. Бірақ нағыз «крещение» мұнайды иіскеп, оны бетіңе жаққанда ғана болады. Бұдан кейін сен нағыз мұнайшы атанасың. Біз осыдан өттік!!!»
Студент кәсібін өзгертеді: экономистен – жол салушыға
Мұрат Бурамбаев және Илияс Досжан – AlmaU-да экономист мамандығында оқиды, ал осы жазда олар тәжірибеден «Костанайские минералы» АҚ өтуді шешті.
Мұрат Бурамбаев: «Біз Жетіқараға дүйсенбі күні (14 маусым) кешкі 9-дарда келдік. Сейсенбіде таңертең сағат 8-де «Костанайские минералы» кеңсесінде болдық, бір жарым сағат бойы жұмыс жоспарымен таныстырып, өнеркәсіп аймағына жіберді (қаладан 3 километ жерде, тікелей комбинат орналасқан аймаққа).
Ең алдымен бізді оқу орталығына алып барды, нұсқаулықпен таныстырып, қолдан демалдыруды үйретті (техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтың бөлігі – авт.), арнайы киім берді, сөйтіп алғашқы жұмыс орнымызға алып келді, ол - асфальт цехі. Цехте біз асфальт пен бетон жасайтын Қытайдың RD90 зауытын көрдік, оның көрсетілген өндірістік қуаты сағатына 90 тонна, бірақ, шын мәнінде, 60 тоннаға жуық екен.
Сейсенбі мен сәрсенбіде цехте болып, өндірістің жабдықтарымен және технологиялық процестерімен таныстық. Осы зауыт асфальттің екі түрін жасайды: ыстық және суық, бірақ, шынында, ол тек атауы ғана. Шын мәнінде, суық асфальт дайын боп шыққанда Цельсия бойынша 70 градус, ал ыстық дегені - 200-ге жуық екен!
Бейсенбіде бізді «промзона-қала» күре жолына жіберді. «Костанайские минералы» өз есебінен бұл жолға жөндеу жасап жатыр, олар асфальт салардың алдында жаңа полотноға дайындық жасайды, сондықтан біз күні бойы компрессормен жұмыс істедік- жолдың үстінен қоқысты үрледік. Жұмада ескі асфальтты грейдермен қырып, жаңа асфальтке полотно дайындадық.
Практика кезінде жігіттер карьерде де болды, өте терең және үлкен карьерді көрді (тереңдігі 285 метр, солтүстіктен оңтүстікке дейін ұзындығы 1,6 км, шығыстан батысқа дейін шамамен 3 км). Карьер тәулігіне 22 сағат жұмыс істейді: 2 ауысым, 12 сағаттан (11 сағат жұмыс + 1 сағат түскі ас). Әр ауысым сағат 8.00-де басталады.
Илияс Досжан: «2 ай ішінде 10 бөлімде жұмыс істеп шықтық: асфальтобетон зауытында, кен басқармасында, фабрикада (өңдеу цехі), тау цехінде, экономикалық жоспарлау бөлімінде, жобаларды басқару бөлімінде, мамандар бөлімінде, даму департаментінде, автокөлік кәсіпорнында, теміржол көлігі кәсіпорнында, еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы бөлімінде. Әр учаскінің өз ерекшелігі бар. Әрине, біз өндірістік процесс тцралы көп нәрсе білдік. Мысалы, біз бұрын сабақта отырып, өндірістің өзіндік құнын есептейтінбіз, бірақ ол тек теория мен кейсте, ал қазір өз көзімізбен бәрін көрдік.
Әр учаскіде бізге басшылық жасайтын өз үйлестірушісі, технологі немесе тау шебері бар. Бізге жақсы қарады, өздерінің жұмыстары көп болса да, бәрін көрсетіп, көп уақыттарын бөлді .Оның үстіне біздің техникалық біліміміз жоқ, біздің сұрақтарымыз оларға, мүмкін, қарапайым болып көрінген шығар, бірақ олар төзімділікпен, қолдары бос болмаса да жауап беріп жүрді.
Практикаға – таяу шет еліне !
Алимбек Аубакиров пен Ержігіт Набиевтің жолы болды десек те болады, себебі олар практиканы басқа елде өтті. Оларды Орынбор облысына Ясный қаласындағы "Оренбургские минералы" акционерлік қоғамына жіберді.
Алғашында практиканттар 2 апта компанияның жобалық кеңсесінде жұмыс істеді, жоспарды орындағаннан кейін, есептерін өткізген соң олар жаңа жерге аттанды. Ол- құрылыс материалдары цехі (ҚМЦ). Ол жерде шиферлер шығарады.
«ҚМЦ «Ясный» қаласынан бірнеше шақырым жерде. Біз шиферді шығару үдерісімен таныстық. Бізге орындауға тиіс жұмыстарымызды түсіндірді, - дейді Алимбек, - әр цемент қоспасының топтамасы туралы жарты жыл алға дайындалған ақпаратты берді. Біздің міндетіміз осы мәліметтер мен сандарға талдау жасау болатын.»
Ержігіт Набиев: «Біріншіден, «Комбинатоуправление» бөлімшесінде мен техника қауіпсіздігі мен өнеркәсіптегі қауіпсіздік бойынша нұсқама алдым. Әрі қарай “Оренбургские минералы” ААҚ өнеркәсіп аймағына экскурсия болды, ішін аралап шықтық. Көптеген өнімдер шығаратын зауытта болдым. Зауытта бүкіл жүйе автоматтандырылған, сондықтан да қызметкерлердің жарақат алуы мүмкіндігінше азайтылған.
Келесі аялдама – жөндеу-механикалық цехі. Мұнда маған жабдықтардың, машиналардың қалай қайта жасалып, жаңартылатынын көрсетті. Өңдейтін жерде жұмыс істеп тұрған басты машина – TEREX 75-710. Жүкті көтеру мүмкіндігі – 92 тонна.
Басты диспетчерлік бөлімде болдым, мұнда қауіпсіздік жүйесінің ең соңғы үлгідегі жаңа түрлері мен күзет қызметі. Сонымен қатар бөлім/цех басшыларымен кездестім, жеке қауіпсіздік картасын толтырып, пікірімді білдірдім, компания басшыларына үш жоба бойынша бірінші жартыжылдыққа презентациялар дайындадым.
Өндірістен басқа студенттер спорттық шараларға да қатысты. Айтпақшы, Ержігіт «Оренбургские Минералы». Компаниясы атынан спартакиадаға қатысқан алғашқы практикант болды.
Майгүл Қондықазақова
AlmaU-дың PR-орталығы