ЖОО – өткеннің сарқыншағы ма?

Жаңалықтар

Шілде 04, 2016

ЖОО – өткеннің сарқыншағы ма?

Ыстық Көлде өтіп жатқан  Халықаралық Жазғы мектеп бағдарламасында қызықты  әрі танымдық секциялар жұмыс істеп жатыр.  Айрықша қызығушылық туғызған жайт сол күнгі әсерлерін қорытындылайтын,  маңызды әрі өзекті мәселелерді талқылайтын кешкі  пікірталастар болды. Кеше кешкісін бірінші пікірталаста жоғарғы оқу орындарының басшылары мен оқытушылары жоғары білім беру жүйесін реформалау қажеттілігі туып отырғанын баса айтты.

Пікірталас алаңы бейресми жағдайда өтуде.  Кез келген адам талқылағысы келетін тақырыбын ұсына алады және модератор болып көруіне де мүмкіндік бар, кеше алғашқы еріктілердің бірі  Almaty Management University МВА оқытушысы Сергей Филин болды. Пікірталас басталысымен Сергей Александрович  бірнеше  сұрақ қойып, кешкі кездесуге арандатушылық  формат бергендей болды, сөйтіп қатысушыларды екі лагерьге бөлді – олардың бірі – қазіргі оқу орындарын өткеннің сарқыншағы, оларды түбегейлі өзгерту керек деп санайтындар, ал екіншілері қазіргі университеттерді заманауи, талапқа сай деп есептейтіндер қатары болды. Дегенмен, жиналғандардың бәрі «өзгертетін сәт келді» деген ойды қолдаушылар болып шықты. 

Шебер ұйымдастырылған пікірталастар барысында ток-шоу элементері де қолданылып, бұрыннан белгілі ақиқаттар айтылып,  күтпеген жерден Қазақстан оқу орындарындағы оқу материалдарының сапасы бойынша мәселелерде  оқытушылардың алатын орны да талқыланды. Төменде қатысушылардың пікірлеріне қысқаша шолу жасаймыз:

«Егер жоғары білім беру  жүйесі дұрыс болса, жұмыс берушілерде  жоо-ны бітіргендерді қайта оқыту керек деген сенім болмас еді»;

«Бүгінгі білім беру жүйесі ескірген. Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары сияқты  оқу ошақтары, жалпы алғанда, керек емес. Батыстық табысты компаниялар тәжірибесіне үңіліңізші. Миллиондаған консалтингтік қызмет көрсететін  Ernst&Young атты  ірі аудиторлық компаниясын алайық, олар   заң бойынша да көмек береді. Олардың сайтында ресми түрде жоғары білімі бар адамдар керек емес деп жазылған. Олар жаңадан келгендерді барлық нәрсеге өздері оқытуға дайын.  Google тәжірибесі бар – олар дарындыларды жоо қабырғасынан іздемейді, онлайн түрде іздестіреді. Биіктерге жеткен көптеген дарынды адамдардың дипломсыз болғанын білеміз (Apple және Facebook –ті құрушыларды еске түсіріңіздер). Біздің жоғарғы оқу орындарымыз қазіргі кездегідей соншалық «көне» болмаса екен. Біздің профессормыз және оқытушылармыз дегеніміз, өкінішке орай, оның бәрі осындай анық мысалдармен жоққа шығарады. Осы жайды дұрыстау үшін  университеттер маңызды реформалар жасауы керек»;

 «ОК, кейбір ірі компаниялар дипломсыз, жоғары білімсіз жұмысқа алады делік. Бірақ сол қызметкерді  аталмыш  Apple  компаниясынан аяқ астынан жұмыстан шығарып жіберсе не істейді? Ол басқа компанияға жұмысқа тұруға барады, ал онда басқа талаптар боса ше…»;

«Университет пен өндіріс арасында тығыз байланыс болғаны жөн. Жоғарғы оқу орнын бітірушілер нағыз өндірісте, компанияда  оларды не күтіп тұрғанын білуі керек. Яғни бүкіл білім бағытталған,  бейінделген болуы керек»;

 «Үлкен әріптен басталатын, жоғары білімді тұлға - егер осындайларды  жалпы көбейтсек, өндіріс тоқтап қалады.  Олар Теміртауға ыстық ошақтардың басына, шахтаға бармайды, себебі олар осындай -  «рухани», «жоғары білімді»;

«Өзімізге оқу керек – әлемдегі ең озық тәжірибені үйреніп,  қажетті жерінде қолдану қажет. Тоқтамау керек, дами беру керек, уақыт талабына сай болу керек»;

«Не істеу керек? Гуманитарлық бөлікті күшейту керек, бізге құндылықтар мен мазмұнға ерекше мән берген дұрыс. Университеттерге  эксперименттер жасау үшін белгілі бір деңгейде еркіндік беру керек.  Қолданбалы бөлікті де күшейту керек- тек теория жағы ғана емес, сонымен қатар практика да күшті болуы керек. Жоғарғы оқу орындарында кәсіпкерлік аспектіні дамыту қажет ( баспасөз қызметінің ескертуі: нақтырақ, AlmaU-да жасалып жатқан дүние);

 «Жоғары білімнің орнына басқа нәрсені таңдаған жастар  қоғамнан аластатылмағаны дұрыс. Бүгін  біз білімдерін өз беттерінше көтеріп,  білімді адамдар қатарында жүрген көптеген жастар  туралы айттық. Сондықтан, ең озық көпшілікке арналған  кітапханалар ашылып, тәжірибе алмасатын шеберлік мектептерін, тренингтер өткізетін орындар жасалу керек. Әрине, олардың білім деңгейін бағалайтын біреулердің болғаны да жөн сияқты. Салалық қауымдастықтар деңгейінде сертификация керек, бұны бағалауға тікелей  коммерциялық сектор қатысқаны дұрыс»;

 «Жоғары білім бәрі үшін болуы міндетті емес. ЖОО-ға түсу үшін күрделі сын болу керек. Әрине, жоо-ға тек үздіктер мен мықтылар іріктеліп алынуы қажет. Бұл конвейер сияқты  болмаса екен, тұрғындардың көбі жоғары білім алсын деп тырысамыз, ал олардың жартысы мамандығымен жұмыс істемей, базарда саудада жүреді»;

Пікір талас модераторы  Сергей Филин қызықты мәліметтер келтірді: «Менің қызым  Швецияда қалай оқыды? Студенттер теорияны алдын ала оқиды, содан кейін семинар өтеді. Содан кейін Парижден келген  профессор сол тақырыпты бірнеше жоо-ға бірден онлайн арқылы оқиды. Бірақ ол кітапта жазылғанды емес, өз зерттеуімен бөліседі, зерттеуін студенттердің тақырыбымен байланыстырады. Көбіне, бұл зерттеу әлі жарияланбаған болып келеді. Келесі тақырыпты Испания профессоры оқиды, келесіні басқа елден келген профессор. Сонда олар әлі кең таралмаған  зерттеулер туралы мәлімет алады. Ал жоо-ның кейбір оқытушылары дәріс кезінде  оқулықтың мазмұнын қайталап айтып берсе, студенттер бүгінгі заманауи тұжырымдардан хабардар болмайды»;

Бұған AlmaU президенті Асылбек Қожахметов өзіндік  қорытынды жасады: «Бәріңіз батыстық білім беру сапасын талап етесіздер, ал ол адам басына  50 000 доллардан кем емес. Қазақстанда орта есеппен адам басына  5 000 доллар. 5000 –ға элиталық мерседес сатып алу мүмкін емес. Сондықтан біздегі білім адамдардың құйып жатқан қаржысына сай. Екіншісі, білім беруді  сапалы және кәсіби деңгейге көтеру мүмкін емес, себебі бізде басқару сапасыз,  мемлекеттік басқару сапасыз. Білім беру - мемлекеттік басқару жүйесінің кіші бір бөлігі. Мемлекеттік басқару жүйесінде тәртіп орнамай, білім беру саласы  әрдайым артта жүреді!»

Пікір талас кезінде барлық қатысушылардың ойынан шығып, қол соқтырған  мына сөздер болды, ол Махатма Гандидің сөзі еді: "Егер әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста!" Сондықтан ең дұрыс шешім - осы Жазғы Мектепке  қатысушылардың барлығы  өз қаласына, өз жоо-ларына, өздерінің жұмыс орындарына қайтып барғанда, айналасын өзгертуден бастаса екен".

Сірә, бұл сезімге толы үндеу   бүкіл жоғары білім беру жүйесі мүддесіне,   сондай-ақ әрбір оқытушы мен профессорлардың мүдделеріне сай келеді деп ойлаймыз.


Жаңалықтармен  Халықаралық Жазғы Мектеп сайтынан таныса аласыздар – www.summerschool.almau.edu.kz

 

Ресми хештег #AlmaU_summerschool

 

Бөліс: