АЛТЫН ТАМҒА - 2022
27 мамыр күні – осы жылдың көптен күткен, ең қызықты және маңызды оқиғасы – жыл сайынғы "Алтын Тамға-2022"сыйлығын табыстау шарасы өтті. Іс-шара бағдарламасына жеңімпаздарды марапаттау, Lumos, Remus және Sport Life студклубтарының жарқын нөмірлері және әрине, барлық қонақтар үшін дәмді тағамдар тарту енгізілді!
Естеріңізге сала кетейік, байқауға қатысушылар "үздік" атағы үшін ғана емес, оқудағы жеңілдіктер мен ақшалай сыйлықтар үшін де жарысты!
Көп созбай, Сіздердің назарларыңызға "Алтын Тамға" аталымдары бойынша жеңімпаздардың тізімін ұсынамыз:
Жылдың үздік студенті – Эркаев Навруз
Жыл кәсіпкері – Керимбаева Ажар
Жыл спортшысы – Волкова Елизавета
Жыл белсендісі – Жұсіпназар Елдар
Жыл зерттеушісі – Маткенова Зарема
Жылдың ашылуы – Кариев Айбар
Шетелдік үздік студент – Багиров Джалал
Жылдың үздік студенттік клубы – Sport life
Жылдың үздік еріктісі – Алибаева Гульсара
Жыл дизайнері – Имаш Дильназ
Жыл видеомейкері – Балкыбек Ринад
Жыл әртісі – Ермак Мөлдір
Жыл жобасы – Цай Ирина
Hunter of the year – Подпорин Григорий
Media face of the year – Ислямов Исламбек
Биыл жалпы 53 студент өтініш берді. Айтпақшы, қазылар алқасының ерекше назарына ие болғандар да болды. Олар Хазин Даниил "Жыл зерттеушісі" ретінде, Зыкин Сергей "Жыл белсендісі" ретінде, сондай-ақ Ыдрышев Ернар "Нunter of the year" ретінде қазылар алқасының ықыласын өздеріне аударды.
"Алтын Тамға" байқауымен қатар "Алтын алма" мотивациялық конкурсы өткізілді, онда қатысушылар "Sweet Couple", "Fashion killa", "жылдың Instagrammer", "AlmaU алтын жүрегі", "AlmaU патриоты", "Алтын дауыс", "Жыл әзілкеші", "Прорыв года" және "Промо года" аталымдары бойынша сайысқа түсті.
Барлық қатысушыларға алдағы өтетін "Oasis" ғылыми конференциясына билеттер берілді.
Біз барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жыл сайынғы AlmaU байқауына қатысқандары үшін алғыс айтамыз!