AlmaU-ға ауысу!
Басқа жоғары оқу орындарынан қысқы демалыс кезінде ауысу туралы ақпарат.
Заманауи, кәсіпкерлік университетте білім алғыңыз келе ме?
Онда AlmaU-ға ауысып келіңіз!
Ауысу мерзімі:
Бакалавриат (күндізгі оқу бөлімі): 3 -18 қаңтар 2019 жыл
Бакалавриат (қашықтықтан оқу бөлімі): 3 - 29 қаңтар 2019 жыл
Ауысу ережесі
Ақылы бөлімде немесе мемлекеттік білім грантында оқитын студенттің бір жоғары оқу орнынан басқа жоғары оқу орнына ауысуы төмендегі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1 ҚАДАМ. Басқа жоғары оқу орнына ауысқысы келетін студент өзі білім алып жатқан ЖОО ректорының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш (№1) жазады.
2 ҚАДАМ. Ауысуға рұқсат ететін мөрмен расталған жазбаша келісімді алып, студент Алматы Менеджмент Университетінің тіркеуші-офисіне (университетте студенттерді ауыстыру жұмысымен айналысатын бөлім) келіп, AlmaU ректорының атына аталған оқу орнына ауысқысы келетіндігі туралы өтініш (№ 2) жазады.
3 ҚАДАМ. Ауысу туралы өтінішпен (№2) бірге тапсырылатын құжаттар:
- транскрипт көшірмесі (бұрынғы оқу орнындағы тіркеуші-офисінде қол қойылып, мөрмен расталған болуы тиіс)
- мемлекеттік білім грантының иегері куәлігінің көшірмесі (бар болған жағдайда)
- қол қойылған өтініш (№ 1)
4 ҚАДАМ. Одан әрі тапсырылған құжаттар негізінде пәндердің айырмашылығы анықталады. Факультет деканы оқу курсын белгілейді, меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.
5 ҚАДАМ. Содан кейін студентті басқа жоғары оқу орнынан ауысып келуі туралы бұйрық шығарылып, келісім шарт жасалады.
6 ҚАДАМ. Басқа жоғары оқу орнынан ауысқаннан кейін AlmaU-да білім алу 2019 жылдың 21 қаңтарынан басталады!
Назар аударыңыз!
Жоғары оқу орындарының студенттері, егер олар игеріліп жатқан бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, оқудан шығарылғаннан кейін де ауыса алады немесе қайта қабылдана алады.
Бұл жағдайда студент оқудан шығарылу мерзіміне қарамастан кез келген оқу түріне, кез келген мамандыққа және жоғары оқу орнына ауыса алады немесе қайта қабылдана алады.
Білім алушылардың бір мамандықтан басқа мамандыққа, оқудың бір нысанынан басқа нысанына ауысуы тек ақылы түрде жүзеге асырылады.
Олардың әрі қарай оқу курсы білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезіндегі пререквизиттерін есептей отырып айқындалады.