AlmaU-ға Arizona State University және Arizona National Guard өкілдері келді

Жаңалықтар

Тамыз 31, 2021

AlmaU-ға Arizona State University және Arizona National Guard өкілдері келді

Arizona State University делегациясының құрамында Brian Gerber, "Төтенше жағдайларды басқару және ұлттық қауіпсіздік" магистратура бағдарламаларының жетекшісі; Cyndi Coon, қауіптерді болжау зертханасы аппаратының директоры; Jeff Guimarin, Пэт Тиллман атындағы ардагерлер орталығының атқарушы директоры; Jacob Lassin, Меликян орталығының ғылыми қызметкері; және Pete Caffrey, Arizona National Guard подполковнигі болды.

Сапар аясында AlmaU топ-менеджментімен дөңгелек үстел және академиялық орта мен сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен нетворкинг-кездесу өткізілді.

Кездесу барысында киберқауіпсіздік, Еуразиялық зерттеулер, ұлттық қауіпсіздік, табиғи апаттарды басқару, қатерлерді болжау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және т. б. мәселелер талқыланды.

AlmaU Cintana Education Альянсының (АҚШ) мүшесі және Arizona State University серіктесі болып, ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті бірлесіп жүзеге асырып отыр.

 

* AlmaU, Almaty Management University – 1988 жылы құрылған ТМД-дағы алғашқы жеке жоғары оқу орны.

  • МВА қауымдастығының жаһандық аккредитациясына Орталық Азиядан тек AlmaU МВА бағдарламалары ғана ие (АМВА).
  • Executive MBA AlmaU және СПбГУ бірлескен бағдарламасы QS Executive MBA Rankings 2021 (Joint Programmes) рейтингісінің топ-22 қатарына кірді.
  • МВА бағдарламалары QS World University Rankings: Global MBA 2021 рейтінгісігің топ-200-не кіреді.
  • МВА бағдарламалары – QS World University Rankings Asia: MBA 2021 рейтінгісінің топ-25-не кіреді.
  • AlmaU ресейлік "Эксперт"сараптамалық орталығының ТМД бизнес-мектептерінің рейтінгісінде 2-орынға ие.
  • AlmaU Times Higher Education Impact Rankings (2021) рейтингісінде топ 601-800 қатарына кіреді.
  • "Қоғаммен байланыс", "Маркетинг", "Экономика", "Құқық", "Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі" және "Логистика" бағдарламалары Атамекен ұлттық рейтингінің топ-10 қатарына кіреді (2021 ж.).

 

** ASU, Arizona State University қол жетімділікке, жетілуге және әсерге (impact) ұмтылатын университетті құру арқылы американдық зерттеуші университеттің жаңа моделін жасады. ASU өзін таңдаулы және эксклюзивті емес, инклюзивті және қабылдаушы деп танытады.

Жаңа американдық университеттің прототипі ретінде ASU қоғамдық игілікке үлес қосатын ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады және оны қоршаған қауымдастықтардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміршеңдігі үшін маңызды жауапкершілікті алады.

Бөліс: