AlmaU-дың студенттері Мәскеудегі «Шанхай Жастар Апталығының» ең үздік баяндамашылары атанды

Жаңалықтар

Наурыз 24, 2016

AlmaU-дың студенттері Мәскеудегі «Шанхай Жастар Апталығының» ең үздік баяндамашылары атанды

 3 мен  5 наурыз аралығында Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінде «Шанхай жастары апталығы» аясында ғылыми-білім беруге байланысты  іс-шаралар өтті. Бұл жобада  Шанхай ынтымақтастық ұйымына (Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Пакистан) мүше және бақылаушы мемлекеттердің студенттері мен аспиранттарының қатысуымен  ғылыми, мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Алматы Менеджмент Университетінің  «Экономика және Сервис»  Мектебі  «Экономика» мамандығының  3 курс студенттері  Омиров Хазрет пен Бурамбаев Мұрат  байқаудан сәтті өтіп, ММУ профессорлық-оқытушылық құрамынан, ШЫҰ өкілдерінен тұратын сараптама комиссиясы   және бүкіл әлем жастары мен студенттері алдында Қазақстанды лайық көрсете білді.

Біздің студенттеріміз   үлкен аудитория алдына шығып сөйлеп, «Ұзақ жолға  шыққан экономикалық пойыз» тақырыбына арналған үздік баяндама үшін диплом алды. Жобаның ғылыми жетекшісі  э.ғ.к., доцент  Гүлнара Тайкулакова.

Бөліс: