AlmaU-дың «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы 1 орында

Жаңалықтар

Ақпан 14, 2023

AlmaU-дың «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы 1 орында

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

Жұмыс нәтижесінде 200-ден астам салалық сарапшы тартылып, 2040 білім беру бағдарламасы бағаланған.  81 393 түлектің деректері талданып, нәтижесінде 97 оқу орны бойынша 2 мыңнан астам сараптамалық қорытынды жасалған екен.

Ұлттық палата жоғары оқу орындарын 19 критерий бойынша бағалаған. Олардың ішінде негізгілері: жұмысқа орналасу деңгейі, орташа еңбекақы, білім беру бағдарламасын аккредиттеу, оқытушылардың білім сапасы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және т.б.

«Атамекен» ҰКП-ның 2022 жылғы ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша AlmaU-дың «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы 1 орынды иеленді. Қазақстандағы ЖОО-лар арасында Қонақжайлылық және туризм мектебінің «МІжҚБ» білім беру бағдарламасы көш бастап тұр.

Бағдарлама түлектерінің 76,25% жұмысқа орналаса алады, олардың орташа жалақысы орта есеппен 170069,85 теңге.  Ал жұмыс іздеу уақыты 3 айға дейін созылады.

ҰКП рейтингінде AlmaU-дың  «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы  2018 жылдан бастап алдыңғы қатарда.

AlmaU-дың көш басында тұруының себебі – жоғары білікті оқытушылар құрамының болуы, оқытудың бірегей әдістемелері мен жаңа технологияларды енгізуі. Ал біздің студенттер нарықта сұранысқа ие мамандар.

 Жұмысыңызға табыл тілей отырып, университет гүлденуіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз!

Бөліс: