AlmaU-дың магистратурасына қысқы қабылдау

Жаңалықтар

Қазан 29, 2021

AlmaU-дың магистратурасына қысқы қабылдау

Құрметті магистратураға түсушілер! Біз сіздерге 2021-2022 оқу жылында кешенді тестілеуді екінші рет тапсырып, магистратура бағдарламаларына түсудің керемет мүмкіндігі туралы хабарлауға қуаныштымыз.

1 қарашадан бастап магистратураға КТ тапсыру үшін құжаттарды қабылдау (кешенді тестілеуге тіркелу) басталады. Талапкерлер AlmaU-дағы ақылы бөлімге түсіп, 2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап оқи алады (КТ сәтті тапсырған жағдайда, сондай-ақ пререквизиттерге тіркелген кезде).

 

Екінші кешенді тестілеуге қатысуға тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді http://app.testcenter.kz/ .

Маңызды күндер:

  • КТ тапсыруға өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 1-18 қараша аралығында жүргізіледі.
  • Кешенді тестілеудің өзі 2021 жылғы 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
  • Білім беру грант конкурсына қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін қабылданады.
  • Магистратураға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.

КТ-ға қатысу ақысы - 14 693 теңге.

Тест нәтижелері тестілеу аяқталғаннан кейін бірден белгілі болады. Түсу емтихандары аяқталғаннан кейін 30 минуттан кейін онлайн-апелляцияға өтініш беруге болады. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайты, https://clck.ru/YVZKy)

Қағидаларды бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген тұлғалар, сондай-ақ, 2021 жылы нәтижелері жойылған тұлғалар кешенді тестілеуге қайта қатысуға жіберілмейді. 2021 жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды. (ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты, https://clck.ru/YVa6o )

Ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға, сондай-ақ, мемлекеттік грантқа түсу үшін өту балы – 75 балл, бейінді магистратураға түсу үшін – 50 балл. (Оның ішінде екі бағыт бойынша: Шет тілі  кемінде 25 балл, ОДАТ  кемінде 7 балл, БББТ бейіні бойынша кемінде 7 балл (әр пәннен).

 

Магистратураға түсу үшін келесі құжаттар тізімі қажет:

  • жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  • 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
  • шет тілін меңгергенін растайтын сертификат;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда).

 

Барлығықтарыңызға сәттілік тілейміз!

 

Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз:

Телефоны: +7 727 313-30-90 (93)

WhatsApp: +7 771 552 78 61

Email: s.nassylbekov@almau.edu.kz

Бөліс: