AlmaU-дың докторантурасына қысқы қабылдау
Құрметті PhD докторантураға түсушілер! Біз сіздерге 2021-2022 оқу жылына қабылдау емтихандарды екінші рет тапсырып, докторантура бағдарламаларына түсудің керемет мүмкіндігі туралы хабарлауға қуаныштымыз.
1 қарашадан бастап докторантураға қабылдау емтихандарды тапсыру үшін құжаттарды тіркеу басталады. Докторантураға талапкерлер AlmaU-дағым мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша немесе ақылы бөлімге түсіп, 2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап оқи алады (емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда).
2021-2022 оқу жылының қыстың күні докторантураға қабылдау бойынша бөлінген мемлекеттік гранттар саны | |||
Даярлау бағытының коды және атауы | Докторантура білім беру бағдарламасы тобының атауы | Білім беру бағдарламаларының атауы | Мемлекеттік грант бойынша орындар |
8D041 Бизнес және басқару | D072 Менеджмент және басқару | 8D04101 Менеджмент | 1 орын / ақылы бөлім |
8D04102 Іскерлік әкімшілік | |||
D074 Қаржы, банктік және сақтандыру ісі | 8D04104 Қаржы | 1 орын / ақылы бөлім | |
D075 Маркетинг және жарнама | 8D04103 Маркетинг | ақылы бөлім |
Екінші қабылдау емтихандарды қатысуға тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді - http://app.testcenter.kz/ .
Маңызды күндер:
- Емтихандарды тапсыруға өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 1-15 қараша аралығында жүргізіледі.
- Емтихандардың өзі 2021 жылғы 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
- Білім беру грант конкурсына қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 13-25 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады
- Докторантураға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.
Емтихандарға қатысу ақысы - 21 072 теңге.
Докторантураға түсу емтихандары келесі блоктардан тұратынын еске саламыз:
Блок | Баллдар |
Эссе | 20 |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған Тест | 30 |
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан | 50 |
Максималды балл | 100 |
Өту балы | 75 |
Қабылдау емтиханы 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін өту балы 75 балды құрайды. Докторантураға оқуға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.
Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
- шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
- ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;
- TOEFL IBT (test of English as a Foreign Language Internet-based test) шекті балл – кемінде 46;
- TOEFL PBT (test of English as a Foreign Language Paper-based test) шекті балл – кемінде 453;
- неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveauv2/B2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau B2/B2 деңгейі);
- француз тілі: TFI (test de Franzais International™️) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес, DELF (Diplome d ' Etudes en Langue franzaise) – B2 деңгейі, DALF (Diplome Approfondi de langue franzaise) – В2 деңгейі, TCF (test de connaissance du franzais) - кемінде 50 балл;
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- 3x4 көлеміндегі алты фотосурет;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
- соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).
Қағидаларды бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген адамдар, сондай-ақ ағымдағы жылы нәтижелері жойылған адамдар түсу емтиханына қайта қатысуға жіберілмейді.
Толықырақ ақпаратты Қазақстан Республикасының білім және ғылыми министрлігінің сайтынан келесі сілтеме бойынша алсаңыздар болады - https://clck.ru/YZ98c
Барлығына сәттілік тілейміз!
Сұрақтар қалды ма? Бізге хабарласыңыз:
Телефоны: +7 727 313-30-90 (93)
WhatsApp: +7 771 552 78 61
Email: s.nassylbekov@almau.edu.kz