AlmaU-дағы еріктілер

Жаңалықтар

Наурыз 19, 2020

AlmaU-дағы еріктілер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл Қазақстанда  2020 жыл Еріктілер жылы болып жарияланды.

 

«Еріктілердің жұмысы- Батыс елдерде пайда болған қозғалыс және бізге оның ешқандай да қатысы жоқ деп есептейді кейбір адамдар. Бірақ барлығымыз еріктіліктің мәні- шын ниетпен бір істі істеу, біреуге көмектесу. Біздің ұлттық құндылықтарымызда мұндай салт-дәстүрлер бар екендігін білеміз. Волонтерлік-бұл тек тегін жұмыс емес, азаматтардың жауапкершілігі мен әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын екендігінің көрсету" - Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті (10.12.2019. "Жастар жылының" жабылу салтанатында сөйлеген сөзінен).

Алдағы жылда барлық волонтерлік жобалар  7 бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:

 

«Сабақтастық» жобасы бойынша еріктілер балалар үйлерінің балаларына қамқорлық жасай алады.

«Саулық» бағыты арқылы медициналық еріктілік дамитын болады – науқастарды күтуге көмек көрсету.

• «Таза әлем» жобасы – бұл қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету.

«Асыл Мұра»  біздің халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға еріктілерді қатыстыру.

 «Қамқор» жобасы қарттар үйлеріндегі еріктілердің жұмысына бағытталған. 

«Білім» – ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына волонтерлік көмек.

• Ал «Үміт» -  жобасы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыздың ерліктері туралы баяндайтын құжаттарды іздеуге бағытталатын болады.

 

AlmaU -  бұл әлемдік деңгейдегі әлеуметтік-жауапкершілігі бар университет, қоғамға өзінің белгілі әлеуметтік жобаларымен танымал: Charity Wish Tree, МегаШанс және т. б.

 

2016 жылдан бастап AlmaU-да әлеуметтік кәсіпкерлік орталығы жұмыс істейді.:

•Мемлекеттік құрылымдардың, ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпорындардың мәселелерін талқылайтын, ғылыми хаб орталығы құрылған  (дөңгелек үстелдер, брейнстормингтер, байқаулар). Олардың    

қатысуымен Қазақстандағы БК дамыту мәселелерін талқылау және шешу үшін және оны Қазақстанда жүзеге асыруды талқылауға арналған алаң болып табылады.

• Әлеуметтік мәселелерді шешуге шағын бизнес өкілдерін, ҮЕҰ, жастарды ақпараттандыру, қолдау, қатыстыру, олардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту (тренингтер, дәрістер, конференцияларға, форумдарға спикер шақыру, Қазақстан қалаларында сарапшы ретінде қатысу) жұмыстар жүргізіледі. 

•Қазақстанның өңірлері бойынша БК саласында жұмыс істейтін ұйымдардың деректер базасы қалыптастырылады.

• Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жаңа білім алу, жеке бизнес идеяларын және өз мансабын дамыту арқылы әлеуметтік теңсіздікті жеңуге деген ынтасына қолдау көрсетіледі. Мүмкіндігі  

шектеулі адамдар үшін әлеуметтік жобаларды жасауда, одан әрі дамытуда, оның ішінде жаңа әлеуметтік жобалардың тұжырымдамасын жасауда және конкурстарға қатысу үшін негізделген бизнес-жоспарларды әзірлеуде ментор және сарапшы ретінде кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетеді («Алтын Журек 2018» жүлдесі).

 

 

   Алматы Менеджмент Университетінің студенттері бірінші курстан бастап волонтерлік жұмысқа қатысады. Оған мысал ретінде айтар болсақ, Қазақстанда Service Learning пәні өткізіледі. Ерікті болу үшін - ең алдымен шын жүрекпен жұмыс істеу керек. Бұл іске қатысу қатыспауды әркім өзі  шешеді.

 

2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы Менеджмент Университетінің барлық мамандықтарында 1 курс студенттері үшін бакалаврлардың оқыту бағдарламасына жаңа пән енгізілді. Оның шеңберінде балалар қарттар үйлерінде, мүгедектер үйлерінде және басқа да әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істей отырып, қоғамға қызмет етуге және өз білімдерін практикада қолдануға үйренеді. Осы курс Қоғам алдында өзінің азаматтық жауапкершілігін терең сезінетін, бизнес саласының білікті мамандарын дайындауға бағытталған университет саясаты бойынша жасалуда.

 

 

AlmaU өзіндік ерекше қызықты да ұмытылмайтын студенттік өмірімен  танымал. Бірақ ойын-сауықтан басқа, Университет қабырғасында қайырымдылық пен студенттер арасында мейірімділікке тәрбиелеуге бағытталған "DOS" студенттік ұйымы да бар. Клуб   қатысушылары мен барлық студенттер ай сайын балалар үйіне, қарттар үйіне барады, қайырымдылық жәрмеңкелері мен концерттер, балаларға арналған мерекелер ұйымдастырады, сондай-ақ мұқтаждар үшін киім жинайды.

 

 

Университе базасында "Sanaly Urpaq" студенттік қауымдастығы ашылды, оның басты мақсаты білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою және білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықсыз таза, әділ ортаны қалыптастыру  болып табылады. Студенттік кеңестің Президенті – Әмір Қайдаров жетекшілік ететін "Парасаттылық мектебі" жұмыс істейді.   

  

Мектептің негізгі міндеттері:

 

•Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

•Академиялық адалдық

•Ақпараттық қолдау

•Еріктілер

 

 

Сонымен қатар, жыл сайын студенттермен жұмыс жөніндегі орталық түрлі іс-шаралар өткізеді.   Мысалы, көп балалы, аз қамтылған отбасылар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған кино қойылымдар ұйымдастырады, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шеберлік-сабақтар, Наурыз, жаңа жылдық шырша және әлеуметтік жауапкершілікпен байланысты басқа да көптеген іс-шаралар өткізеді.  Мысалы, 2019 жылы AlmaU волонтерлері "Мен сенімен біргемін!" тақырыбында Қазақстандағы тұңғыш балалар хосписының шәкірттері үшін Жаңа жылдық кеш өткізіп, студенттер, қызметкерлер мен оқытушылар белсене қатысты.   

 

 

Олардың мейірімді жүректерінің арқасында 97 баланың ең қымбат тілегі мен армандары орындалды!

Сондай-ақ, 2014 жылы  Charity Wish Tree  жобасы іске қосылды, оның аясында қала тұрғындары балалар үйлерінің немесе аз қамтылған отбасыларды балаларының тілектерін орындады. Осындай тілек ағаштары Алматы қаласы мен Нұр-сұлтан тұрғындары үшін қойылған.  Жобаға қатысу үшін ағашқа барып, бір жапырағын үзіп алып, ол жерде жазылған тілекті орындаса болады.    

 

 

Алған сыйлығын балалар үйіне апарып, балаға жеке өзі сыйлауы тиіс.  Мұндағы қанша жапырақ саны шектеулі емес.

Алматы Менеджмент Университеті  ешқашан игі істерден шет қалған емес, кез келген әлеуметтік бастамаларды әрдайым қолдайды. Университетте болашақта студенттер білімін ғана емес, сонымен қатар жақсы қасиеттерін өмірде, кәсіби қызметте де қолдана алады, мұнда осындай керемет  жаңа ұрпақ тәрбиеленуде.

 

Биылғы Еріктілер жылында  Университетте қызықты іс-шаралар жоспарланды. Бұл қызықты істерді ресми сайттар мен әлеуметтік желілерден біле аласыздар!

 
Бөліс: