AlmaU-да логистикалық орталық ашу мәселесесі талқыланды
2016 жылдың 30 маусымында Алматы Менеджмент Университетінде «Бизнесте, білім мен ғылымда логистикалық жобаларды бірлесіп дамыту » атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара ТрансАЛ Фрахтілі компаниясы және Қазақ-Неміс Университетімен бірлесіп ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде логистика және логистикалық орталықтардың маңызды мәселелері талқыланды. Сөз сөйлегендердің арасында жоғарғы оқу орындарының профессорлары, логистикалық компаниялардың қызметкерлері мен студенттер де болды.
Дөңгелек үстелдің маңызды тақырыптарының бірі - жобалық логистикалық орталықты қалыптастыру, бұл орталық адамдарға логистиканың өзекті мәселелерін талқылап тұруға, жаңа логистикалық рәсімдерді енгізуге мүмкіндік берер еді.