AlmaU-да Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігінің пайдасы мен кемшілігі талқыланды
2016 жылдың 11 наурызында Алматы Менеджмент Университетінің ( бұрынғы ХБА) құқық Мектебі серіктес жоғары оқу орны Сүлеймен Демирел атындағы Университетпен «Қазақстан Республикасы өнеркәсіптерінің мүдделерін еліміздің ДСҰ-ға мүшелігі жағдайында қорғау механизмдері» тақырыбына көшпелі дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге екі университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, заң факультетінің студенттері, сонымен қатар арнайы шақырылған қонақ заң ғылымдарының докторы, «Дүниежүзілік Сауда Орталығы мәселелері бойынша сараптама Орталығының » (Мәскеу, Ресей) аға сарапшысы , халықаралық сауда құқығы саласындағы тәжірибелі заңгер Анаит Смбатян қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның ДСҰ –ға енуі кезінде Қазақстанның мүддесін қорғау тәсілдерін талдады, сонымен қатар сыртқы нарыққа әрі Еуразиялық Экономикалық Одаққа бағытталған отандық компаниялардың мүддесін қорғау мәселелерін көтерді. Дөңгелек үстел барысында мемлекет пен өнеркәсіптің ДСҰ –ға мүше болуы кезеңінде өзара байланысы туралы мәселе көтерілді, Қазақстан Республикасын ДСҰ міндеттерін бұзушылыққа байланысты жауапкершілікке тарту тәуекелін төмендету жайында, сонымен қатар ДСҰ бойынша ұлттық мамандарды дайындау мәселесі айтылды.
Қазақстанның ДСҰ –ға енуі өзекті мәселе болғандықтан, дөңгелек үстелге қатысушылар арасында қызу талқылау туды, көптеген пікірлер айтылды.