AlmaU-да атқарылып жатқан ізгі істер

Жаңалықтар

Желтоқсан 30, 2019

AlmaU-да атқарылып жатқан ізгі істер

«Мен сенімен біргемін»атты қайырымдылық балы

Қазақстандағы алғашқы  хоспистің балалары үшін «Мен сенімен біргемін»атты қайырымдылық балы өтті.

Жаңа жылдық мерекені өткізуге  Алматы Менеджмент Университетінің қызметкерлері және оқытушылары, студенттері белсенді түрде қатысты. Жүрегі жұмсақ мейірімді жандардың атсалысуымен 97 баланың тілегі және арманы орындалды!

Хоспис әкімшілігі университетке ризашылық білдіріп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады!

 

«РУХ -бейімдеу, оңалту орталығы» балаларына арналған жаңа жыл мерекесі

 Халықаралық бизнес академиясы колледжі (директоры Альфия Анваровна Хисматуллина басшылығымен) Жаңа жылды достары арасында, яғни "РУХ-бейімдеу, оңалту" орталығының балаларымен бірге қарсы алуды дәстүрге айналдырған. Әрбір іс – шара ерекше өткізіледі.

Сонымен, Алматы Менеджмент Университетінің Атриум сахнасында ХБА колледжінің студенттері мен РУХ орталығының балалары өздерінің керемет өнерлерін көрсетті. Көптеген көңілді ойындар, байқаулар, Жаңа жылдық ертегі ұйымдастырылып, дәмді ас, би кеші, сыйлықтар мен әңгімелесулер ұйымдастырылды!

Әрине, мерекеде Аяз ата және ақшақармен кездесу болды! Балалар оларды тамаша көңіл күймен қарсы алды.

 

Әріптестердің сыйлығы

Әртүрлі іс-шаралармен қатар университет қызметкерлері үшін де жаңа жыл мерекесі өтті.

 Алматы Менеджмент Университетінің  Бірінші проректоры - Алмагүл Медихатқызының бастамасымен келесідей жоба жүзеге асырылды. Біздің әріптестеріміз жұмысшылар мен қызметкерлердің, атап айтқанда техникалық қызметкерлердің балаларының тілектерін орындады.

Балаларға әртүрлі ойыншықтар, велосипедтер, тәтті тағамдар сыйлады. Бұл күні барлық бала қуанышқа кенелді! 

 


Алматы Менеджмент Университеті балалар үшін осындай тамаша ертегі ұйымдастыруға атсалысқан  барлық қатысушыларға алғыс білдіреді. Келесі жаңа жылда үйлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!

Бөліс: