AlmaU-да «Роза Хутор» тау шаңғы курорты өкілдерінің қонақ дәрісі өтті
6 желтоқсан күні Алматы Менеджмент Университетінде қонақ дәріс жобасы аясында "Роза Хутор" (РФ, Сочи қ.) курортының өкілдері МІжҚБ мамандығының 1-4 курс студенттерімен "Іс-шараға байланысты туризм туристік қызметтерді дамытудың перспективалы түрі ретінде" тақырыбында әңгімелесті.
"Роза Хутор" тау шаңғы курорты-2014 жылы шаңғы бойынша олимпиада бағдарламасы өткен орын. Ол Ресейдегі ең ірі тау курорты. Қазіргі уақытта "Роза Хутор" курорты ТМД-ның үздік тау курорттарының біріболып табылады және World Ski Awards нұсқасы бойынша жеті жыл қатарынан Ресейдің ең үздік тау шаңғы курорты болып саналады.
2018 жылы "Роза Хутор" және қазақстандық "Шымбұлақ" курорты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында серіктес курорттар емдеу-сауықтыру демалысын, спорт пен туризмді ұйымдастыру мен дамытуда ақпараттық, білім беру, әдістемелік және кеңес беруді жүзеге асыруда. Сонымен қатар, "Роза Хутор" курортында Алматы қаласының туризм басқармасымен және Kazakh Tourism ұлттық компаниясымен бірлескен жобалар жасалған.
Дәріс барысында сөз сөйлеген спикерлер:
- "Роза Хутор" МК халықаралық қатынастар және туризм департаментінің басшысы-Аркадий Марков
- "Роза Хутор" МК азық-түлік маркетинг басқармасының басшысы-Александра Баталова
Кездесу барысында мамандар студенттерді курортпен және туристік сапарлардың ірі іс-шараларға байланысты ұйымдастырылатын туризм жайлы айтты. Туризмдегі серпінді дамып келе жатқан бағыттармен таныстырды. Осындай жобаларды табысты іске асыру үшін ескерілуі қажет бірқатар факторларды, шарттар туралы әңгімеледі.
Дәріс соңында қонақтар сұрақтарға жауап беру ұйымдастырылды. Студенттер мамандарға әртүрлі сұрақтар қойды. Сондай-ақ, РФ курорт аумағында студенттер үшін тәжірибе ұйымдастыру туралы келісім шартқа қол қойылды.
Аталған курорт мамандарына алғысымызды білдіреміз және келешекте тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз деген үміттеміз!