AlmaU Жоғары Бизнес Мектебі Ядролық физика институтына Стратегиялық сессия өткізді

Жаңалықтар

Желтоқсан 23, 2022

AlmaU Жоғары Бизнес Мектебі Ядролық физика институтына Стратегиялық сессия өткізді

AlmaU Жоғары Бизнес Мектебі жетекші халықаралық және жергілікті сарапшыларды, бірегей әдістемелердің авторларын, басқарушылық, консалтингтік және оқытушылық тәжірибесі мол менеджменттегі зерттеулердің негізін қалаушыларды тарта отырып, Ядролық физика институтының басшылығы мен қызметкерлеріне Стратегиялық сессия өткізді. Мектептің миссиясы – қоғамның игілігі үшін бизнестің тұрақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ете алатын көшбасшылардың таланттарын, жеке кәсіби құзыреттерін дамыту. 

Сессияға қатысушылардың пікірлері:

 

Елена Чакрова Тихоновна, радиохимия және изотоптар өндірісі ғылыми-техникалық орталығының бастығы:

«Бүгінгі сессияда стратегия құрудың жаңа тәсілдерін қарастырдық,  қаржы мәселесіне де назар аудардық. Бұрын біз қаржы жағына аз көңіл бөлетінбіз. Оқу барысында, тренингтерде талқылау  арқылы институттың стратегиясын бірлесіп жасау пайдалы. Спикерлер өте тәжірибелі. Олар материалды көпшілікке қызық түрде ұсына алады әрі жеткізе де алады.

 

Джангаскин Марден, сарапшы, AlmaU Жоғары бизнес мектебінің МВА бағдарламаларының оқытушысы:

«Ядролық физика институтымен бірігіп жасалынған AlmaU-дың бұл жобасы жақсы бастама. Студенттерді ғана оқытып қоймай, тек MBA дайындықтарымен ғана айналыспайды, қазақстандық кәсіпорындарға да көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта біз олардың стратегиясын жазуға көмектесіп жатырмыз. AlmaU мамандары өз ісінің шеберлері: ядролық физика – олардың кәсібі.

Оқу барысында аудиториямен тіл табысу оңай болды. Тыңдарман барда ақпаратты бөлісу де оңай. Олар көп жаңашылдықты үйренгенімен, стратегия жазу әдістемесі туралы қосымша білім қажет. «Стратегиялық менеджмент» пәнінде әлемдегі топ менеджерлердің сараптамасы жинақталған. Академиялық тәжірибе AlmaU сияқты жоғары оқу орындары иеленетін баға жетпес ақпарат пен тәжірибе қоры. Мені осында шақырғанына өте қуаныштымын. AlmaU өз тәжірибесімен бөлісіп жатыр. Менің ойымша, бұл серіктестіктің тамаша үлгісі. Бұл үрдісті одан әрі дамыту керек».

 

Сахиев Саябек, ЯФИ РМК бас директоры:

«Біздің ынтымақтастығымыз 2001 жылы, университет Мабон деп аталған кезде басталды. Ол кезде AlmaU жоғары оқу орындарын қоғамдық аккредиттеуге қатысты  жобаны жеңіп алды.  Біз екі жыл бойы бірлесе жұмыс істедік. Тіпті 2003 жылы ректорлар корпусын басқарып, Бельгия, Франция, Германия  сияқты Еуропа елдерін аралап,  10-ға жуық жоғары оқу орнымен таныстық. Брюссельдегі EFMD аккредиттеу орталығы. Содан бері осы университетпен таныспын.

AlmaU-да білікті мамандар бар. Біздің команда жаңа стратегия жазу туралы шешім қабылдады. Білім алу ешқашан артық етпейді.  Әріптестерімнің айтуы бойынша өте пайдалы сессия болды. Ең бастысы алған білімімізді өмірде қолданамыз».

Осылайша, AlmaU 34 жылдан бері экономиканың барлық секторына керек кәсіпкерлерді, орта және жоғары деңгейдегі жетекшілерді дайындаумен және біліктілігін арттырумен айналысып келеді. Біздің бағдарламаларымыз еліміздің білім беру нарығында да, халықаралық деңгейде де жоғары бағасын алған.  

Бөліс: