AlmaU және ҚР Әйелдер күші Альянсы нәзік жандыларға әлемді тербетуге шабыт бермек
Сәрсембаева Раушан бастаған ҚР Әйелдер күші Альянсы AlmaU-да қонақ болды. Аталмыш Альянс әйелдердің саяси көшбасшылық мектебін құрғанын тілге тиек етейік. Бұл мектеп нәзік жандыларға әлемді тербетуге шабыт бермек.
Кездесу нәтижесінде университет ректоры Гүлнар Күренкеева мен Альянс төрайымы Сәрсембаева Раушан ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды.
|
Меморандумның мақсаты – әйелдер мүмкіндігін кеңейту мақсатында білім, мәдениет және қоғамдық қызмет аясында бірлесіп жұмыс істеудің, қолдаудың механизмдерін ойластыру және дамыту.
Екі тарап алдағы уақытта әйелдердің көшбасшылығын күшейту үшін аянбай жұмыс істеп, қоғамдағы нәзік жандылардың рөлін арттыру үшін іс-шаралар ұйымдастырмақ. Онымен қоймай студенттік ортадағы жас қыздардың құқығы мен мүмкіндігін арттыратын қозғалыстарды қолдау мақсатында тәжірибе мен білім алмаспақшы.