AlmaU және «Алматы қаласы Соттар әкімшісі» өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
«Алматы Менеджмент Университеті» ББМ және «Алматы қаласы Соттар әкімшісі» өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастық негізінде төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:
- азаматтық іс жүргізу заңнамасы бойынша ақпарат бөлісу және тәжірибе алмасу;
- оқу және ақпараттық-талдау материалдарымен алмасу;
- конференция, дөңгелек үстел, семинар мен ашық дәрістер өткізу, подкаст түсіру, сот отырыстары бойынша бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру;
- студенттер мен магистранттардың сотта практикадан өтуін ұйымдастыру;
- студенттерге сот істерін жүргізуді үйрету, сот мұрағатының жұмысымен танысу үшін ашық есік күнін ұйымдастыру;
- университетте немесе сот залында студенттерге сот процестерін ойын форматында өткізу.
Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғаннан кейін «Құқықтану» мектебінің студенттеріне сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметке түсу бойынша дәріс оқылды.