AlmaU түлегінің әлеуметтік жобасы 3000 доллар көлемінде қаржы алды

Жаңалықтар

Қаңтар 24, 2018

AlmaU түлегінің әлеуметтік жобасы 3000 доллар көлемінде қаржы алды

Almaty Management University түлегі Диана Кулакеева, Charity Wish Tree әлеуметтік жобасы үшін 3000 доллар көлемінде қаржы ұтып алды.

Орталық Азия  Университеті (Қырғызстан), «Кока-Кола» қоры және «Кока-Кола» компаниялары ұйымдастырған  «Елдің әлеуметтік-экономикасын дамытуда жастардың мүмкіндіктерін кеңейту» жобасына қатысу үшін биылғы жылы 442 өтініш түскен. Бұл өтініштердің арасынан 16 әлеуметтік жоба ғана  білім алуға мүмкіндік алды, ол жобалардың  бірі  Charity Wish Tree.

2018 жылдың 4 -16 ақпан аралығында Диана және басқа да 15 бала әлеуметтік кәсіпкерлік, әлеуметтік маркетинг негіздерін, АТ қырларын және әлеуметтік жобаны бизнес-жоспарлау әдістерін оқып үйренді. Аталған бағдарлама жас әлеуметтік кәсіпкерлерге қажетті білім мен машықтарды береді.

2018 жылдың 17 қаңтарында бизнес-жоспарлар қорғалып, сертификаттар тапсырылды. Марапаттау салтанатты кеші өткізіліп, 4 жеңімпаз анықталды. Олар:

1. Charity Wish Tree жобасы (Кулакеева Диана, Шымкент қаласы)

2. «Рука в руке» оқытатын инклюзивті орталық (Карим Акжан,Солтүстік-Қазақстан обласы)

3.  Ментальді ауытқушылығы бар балаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы (Сапарова Айгерім,.Атырау қаласы)

4. «Я- чемпион» қолжетімді спорт (Мырзагалиев Адлет,  Текелі қаласы)

«Онлайн қосымша жасап шығаратын жаңа мүмкіндіктер пайда болды, барлық еңбегімізді сонда салуымызға болады. Coca-Cola компаниясының жобасына қатысу маған жақсы адамдармен танысып, жүлде ұтып алуыма мүмкіндік берді, мен басынан бастап жүлделі болу үшін тырысқан едім»  -деп өз ойымен бөлісті Диана.

Charity Wish Tree  жобасы  AlmaU студенттерінің бастамасымен жасалып, оны университеттің әкімшілігі қолдаған еді. Биылғы жылы жобаның жасалғанына 3 жыл толады. Charity Wish Tree балалар үйінің, отбасы баспанасы, аз қамтылған және көп балалы үйлер балаларының жаңа жылдық тілектерін орындауға көмектеседі.  Биылғы жылы жоба 3 қаланы қамтып (Алматы, Астана, Шымкент), 2300-ден астам балалардың тілегін орындады. Жобаға AlmaU-дың және еліміздегі басқа да университеттерден 700 ерікті қатысты.

Coca-Cola бөлген қаржыға Диана мобильді қосымша жасап  шығармақшы, бұл бағдарлама арқылы әрбір адам кез келген уақытта балалар үйінің, отбасы баспанасы, аз қамтылған және көп балалы үйлер балаларының тілектерін орындай алады.

 

Бөліс: