AlmaU студенттерінің жобасы Almaty Tech Garden қолдауын тапты
Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) «Логистика» мамандығының 3 курс студенттері Илинур Яхьярова және Ерлан Нұртаев «Almaty Tech Garden-нің» тез жетілу бағдарламасына қатысқан болатын. Postero Green бірегей жобасының сәтті презентациясынан кейін жас стартаптықтарда мол мүмкіндіктер пайда болды.
Almaty Tech Garden тез жетілу бағдарламасы – инновациялық жобалар арасындағы байқау іспетті, себебі ол жастарға сарапшылардың бағасын алып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады. Барлық жобалар қатал таңдаудан өтіп, олардың үздіктеріне жобаны жүзеге асыруға жағдай жасалды, яғни жұмысқа арналған бөлме, тәлімгер және инвестиция берілді.
Тез жетілу бағдарламасына қатысушылардың қорғауы Pitch Day түрінде өтті. Уақыт шектеуі - қысқаша тұсаукесерге 3 минут және сұрақ-жауапқа 1 минут. Осы бизнес-инкубаторға 30-ға жуық жоба ұсынылды, AlmaU студенттері қазылар алқасына жағымды әсер қалдырып, Almaty Tech Garden –нің шынайы қолдауын тапты.
«Көптеген жобалар осындай түрде (форматта) бірінші рет қорғалып жатыр, бұл оңай болмады, - деп, өз әсерімен Илинур Яхьярова бөлісті, - Біз идеямызды Almaty Tech Garden қызметкерлері мен шетелдік инвесторлар алдында қорғадық. Қорытындысында, финалға шықтық, бізге кеңсе, тәлімгер әрі қаржылық қолдау жасалмақшы. Қазылар алқасына қатты ұнағаны біздің дайындаған дүниеміздің техникалық сауаттылығы болды. Тұсаукесерлері жасалған көптеген жобалар әлі де дайындық үстінде екен, ал біздікі қолданыстағы бизнес болғандықтан сарапшыладың ойы бір жерден шықты, жоба бәріне ұнады. Сонымен қатар мамандар біздің тұсаукесерімізді ерекше атап өтіп, мазмұнды етіп жеткізгенімізге риза болды».
Postero Green жобасының тағы бір авторы Ерлан Нұртаев қараша айында Астанада TechConnect конференциясында «Стартаптар шайқасына» қатысқандарын еске салып, сол кезде жобаға «Бәйтерек» холдингінің меңгеруші менеджері Байжан Канафин қызығушылық танытқанын айтты. «Біз жақында кездесіп, ынтымақтастық жолдарын талқыладық, - деп, Ерлан жаңалықтарымен бөлісті, - Канафин мырза да кейбір түзетулерден кейін біздің жобамызды қолдауға дайын екенін білдірді»,- дейді.