AlmaU студенттері халықаралық ғылыми олимпиадада II орын алды

Жаңалықтар

Желтоқсан 04, 2015

AlmaU студенттері халықаралық ғылыми олимпиадада II орын алды

Краснодарда (Ресей) «Экономика, басқару және бизнес» атты студенттердің, аспиранттардың және жас ғалымдардың І Халықаралық ғылыми конгресі өтті, оған ТМД елдері ЖОО студенттері қатысты. Конгресс аясында ғылыми - білім олимпиадасы ұйымдастырылып және осы шарада Қазақстан атынан Алматы Менеджмент Университеті студенттері Алясупиева Валерия мен Сисенғалиева Жанна   қатысып, мәртебелі 2 -орын алды.

Валерия мен Жанна қазылар алқасына «Комфорт-Үнем-Қауіпсіздік моделі» атты бизнес жоспарды ұсынды. Бұл жобамен біздің университетіміздің басқа да студенттері, атап айтқанда Хазрет Омиров, Мұрат Бурамбаев және Ержігіт Набиев жұмыс істеген. Жобаның жетекшісі «Экономика және Сервис» Мектебінің «Экономика және Бағалау» кафедрасы доценті, э.ғ.к. Тайкулакова  Гүлнара Сериковна болды.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: біріншісі– теориялық, бакалаврлар мен мамандарға арналған тест түрінде  өтті. Оған 132 адам қатысты, оның 73 ғана екінші кезеңге өтті, олар ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады,  бұл жобалар жоғары баға алды. Қатысушылардың көптігі және жоғары бәсекелестік AlmaU студенттеріне өздерінің туған оқу орындарын лайықты көрсете алуға кедергі бола алмады.

 Конгресті және олимпиаданы ұйымдастырушылар біздің студенттердің экономика және басқару саласындағы  жақсы дайындықтарын әрі жоғары білімдерін ерекше атап өтті. 

 

Бөліс: