AlmaU студенттері - ректормен түскі аста

Жаңалықтар

Мамыр 04, 2016

AlmaU студенттері - ректормен түскі аста

29 сәуір Алматы Менеджмент Университетінде ректормен кезекті түскі ас ұйымдастырылды, оны ұйымдастырушы – студенттер және магистранттармен жұмыс жөніндегі Департамент.

 Наурыздан бастап  AlmaU-да жаңа дәстүр басталды, бұл бастама бойынша кез келген байқауға қатысушы университеттің ректоры Алмагүл Қанағатовамен түскі ас ішу мүмкіндігін ұтып  алады. Жаңа бастаманың мақсаты- ұжым мен жоо әкімшілігінің байланысын бейресми жағдайда өткізу, студенттер мен қызметкерлердің және оқытушылардың белсенділігін арттыру, ректормен өз идеяларын бөлісіп,  ұсыныстарын жеткізу.

Байқау жеңімпаздары кездейсоқ санды белгілеу  арқылы анықталады. Бұл жолы ректормен түскі асқа бірінші, екінші, үшінші курс студенттері барды, олар: Бахытжан Өмірсеріков, Юрий Вавилин және  Диана Оразымбет.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, келешекке жоспарларын айтып, университетіміздің де болашақта даму жоспарына байланысты сауалдар берді.

Студенттер кездесуге ризашылықтарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.

Бахытжан Өмірсеріков: «Кездесу жоғары деңгейде өтті. Студенттермен алға қойылған жоспарларымен, идеяларымен бөліскен адаммен әңгімелесу бір ғанибет екен. Өкініштісі, уақыт тез өтіп кетті. Кей мәселелерді талқылып үлгермедік, бірақ аз уақыттың ішінде сонша ақпарат, ақыл-кеңес берген ректорымызға ризашылығымды білдіремін».

Юрий Вавилин: «Түскі ас керемет өтті. Алмагүл  Медихатовна – көреген әрі дана басшы десем болады, сонымен қатар ашық, тартымды кісі екен.  Түскі ас кезінде университетіміздің келешекте даму жолы туралы, білім сапасы және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері жайында көп сөйлестік. Біз бүкіл студенттердің атынан AlmaU-да  білім беру сапасын әрі қарай арттыру туралы ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдірдік».

Бөліс: