AlmaU студенттері үздік «жас білімпаз бағалаушылар» деп танылды!
2015 жылдың 27 қарашасында «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 15 жылдық мереке қарсаңында Алматы қалалық бағалау палатасы Республикалық «Жас білімпаз бағалаушылар» атты зияткерлік ойынын өткізді
Ойынға түрлі жоғары оқу орындарынан барлығы 6 команда қатысты: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, UIB, Қарағанды экономикалық университеті, ҰЭУ және AlmaU. Aлматы МенеджментУниверситетінің (бұрынғы ХБА) намысын ойында екі команда қорғады: «Интеллектуалдар» және «Три подхода – три джигита», оларға жетекшілік жасаған «Экономика және Бағалау» кафедрасының аға оқытушысы Азамат Дощанов болды.
Бұл зияткерлік ойын төрт кезеңнен тұрды. Командалар « үй тапсырмаларын» орындады, яғни бағалау саласындағы өзекті мәселелерге байланысты тақыраптарға баяндамалар жасады. Сонымен қатар теорияны меңгергендерін әрі тапқырлықтарын көрсету үшін «Кроссоценка» сөзжұмбағын шешуге, одан кейін белгілі бағалаушылар тарапынан дайындалған «Сұрақ-жауап» сайысында жан-жақты ой-өрістерін көрсетуге тура келді. «Құнын тап» деп аталатын ақырғы кезеңде командалар бүкіл Қазақстаннан тәжірибелі бағалаушылардың жіберген нысандарының фотосуреттеріне қарап, бар ішкі түйсіктерін қосып, көзге олардың бағаларын анықтады. Кейбір сұрақтарды осы байқауға ресейліктер де жіберген екен.
Ойын қорытындысы бойынша кәсіби қазақстандық бағалаушылар мен сарапшылардан тұратын қазылар алқасы жеңісті AlmaU студенттерінің «Интеллектуалдар» командасына (Абдрахимов Линар, Гучигова Алина, Абульхаирова Мухаббат, 4 курс, бағалау) берді. Екінші орынды Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ «Гриффиндор» командасы мен Қарағанды экономикалық университетінің «ДАР» командасы өзара бөлісті. Үшінші орынға Халықаралық Бизнес Университетінің «UIB Appraisal» және Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің «Appraiser» командасы және AlmaU-дың «Три джигита – три подхода» командасы ие болды.
Атап кету керек, «Три джигита – три подхода» (Баратов Алишер, Зарипов Сұлтан, Сабыралы Нұрбол, 3 курс, бағалау) командасының ойынын қазылар алқасы бірегей, ерекше берілген ойын түрі болды деп есептеді. Жігіттер бағалау саласында кездесетін «шығынды», «салыстырмалы», «табысты» деген сияқты ұғымдарды метафоралық түрде қызықты етіп ұсына білді.
Зияткерлік ойынға қатысушыларға диплом мен естелік сыйлықтар берілді.