AlmaU студенті 28-ші қысқы Универсиаданың ашылуына қатысты!

Жаңалықтар

Қаңтар 30, 2017

AlmaU студенті 28-ші қысқы Универсиаданың ашылуына қатысты!

29 қаңтарда  Алматыда  Алау  Эстафетасы өтті,  ол  - 28-ші қысқы Универсиаданың  ашылуын паш ететін жарқын оқиға болды. Эстафетаға  Almaty Management University  студенті Гүлжан Давлетова қатысты.

Гүлжан   Универсиада алауын  180 метр аралықта алып жүрді, ол Бөгенбай батыр көшесінен басталып, Қабанбай батыр көшесіне дейін Сейфуллин даңғылымен  жүрді. Сонымен қатар Гүлжан  «Алматы Арена» мұз айдыны  сарайында өткен XXVIII  Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың  салтанатты ашылуында, 12 мың көрерменнің алдына ту ұстаушы ретінде  шықты.

Қазір  Гүлжан  «Маркетинг» мамандығының (ағылшын бөлімі) 3 курсында оқиды, ол жоо мен қаланың спорт шараларына белсенді қатысады, атап айтқанда, Алматы марафоны  іс-шарасында университеттің абыройын көтеріп, жылда университет атынан қатысады.  "Мисс Қазақстан-2016" ұлттық конкурсында  "Вице-Мисс Қазақстан 2016" титулын жеңіп алған.  Алматы қаласының 1000 –жылдығына арналған  ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде   (Париж, Франция) өткен мерекелік іс-шарада  біздің еліміздің  атынан шыққан. 

AlmaU атынан  Универсиадаға барлығы 60 ерікті қатысты!

AlmaU –дың 50 ерікті студенті   Almaty 2017 Winter Universiade (29 қаңтар) ашылу салтанатына қатыстырылды .

Бүгін 30 қаңтарда  AlmaU –дың 40 ерікті студенті мен оқытушылары Универсиадаға  жанкүйерлер ретінде қатысып отыр. Олар Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында  Қытай-Қазақстан ойынында біздің спортшыларға қолдау көрсетеді. 

 Студенттердің, қызметкерлер мен оқытушылардың НАЗАРЫНА!

Универсиада өтетін кезде   (29 қаңтар – 8 ақпан) Алматы қаласына кіру шектеледі, сонымен қатар Универсиада нысандары қасында да көліктердің жүру  қозғалысы шектеледі. Сондықтан өз бағыттарыңызды алдын ала реттеп, мегаполисте жол қауіпсіздігін сақтау шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.  
 Универсиаданың өткізілу кезінде қалада қауіпсіздікті  қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі. Тәртіп сақтау қызметкерлерімен түсініспеушілік жағдайлары туындамас үшін студенттер мен оқытушыларға өтініш- жеке куәліктеріңізді алып жүріңіздер!

Бөліс: