«AlmaU Student House» студенттерге арналған жатақханасының ашылуы
Құрметті студенттер мен ата-аналар!
«AlmaU Student House» атты шетелдік және аймақтардан келген студенттерге арналған көптен күткен студенттер жатақханасы ашылатындығын AlmaU хабарлайды!
«AlmaU Student House» - студенттерге арналған оқу жылы кезінде тұратын қауіпсіз, заманауи, жайлы кампус.
ФАКТІЛЕР мен ЦИФРЛАР
• 215 орын
• Бөлмеде 4 және 6 адам
• Төлем айына 30 000 тг.
• Күзеттің 7 посты
• Ұлдар мен қыздарға арналған бөлек қабаттар
• Бейнебақылау
• Өрт сөндіру жүйесі
• Тегін Wi-Fi
• Әр қабатта кезекші-әкімгер
• 06:00 – 23:00 дейін рұқсатнамалық тәртіп
ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
«AlmaU Student House» - Алматы қаласының орталығында орналасқан еуропалық стандартпен жайластырылған студенттік жатақхана.
Студенттер төрт және алты орындық секциялық бөлмелерде тұрады. Барлық бөлмелер жаңа жиһаздармен жабдықталған: кереуеттер, шкафтар, жұмыс үстелдері, орындықтар, тартпалар.
Әр қабатта сабақтар мен бос уақытты өткізуге арналған relax room (демалыс бөлмесі) және барлық қажеттіліктермен жабдықталған ортақ асүй бар. Ортақ асүй тоңазытқыштармен, газ плиталарымен, үстелдермен, орындықтармен, микротолқынды пештермен және асханалық керек-жарақтармен жасақталған.
Секциялық бөлмелерде жеке душ және дәретхана бөлмелері бар.
Әр қабатта студенттерге арналған кір жуатын бөлме бар.
ҚАУІПСІЗДІК және ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТТЕР
Жатақханада студенттер қауіпсіз тұруы үшін барлық жағдайлар жасалған: жеті күзет посты, онлайн-бейнебақылау, өрт жүйесі, әр қабатта кезекші-әкімгер бар.
Бекітілген рұқсатнамалық тәртіп: 06:00 - 23:00
Студенттерге арнайы қосымша демалыс аймағы жасақталған:
- Жастар орталығы: кинотеатр, брейн-рингқа және КТК командаларына арналған бөлмелері, би үйірмесі, үстел теннисі ойнауға ушін үстелдері, футбол алаңы
- Жатақхана аумағында корпустар арасында жарықпен және орындықтармен көгалдандырылған саябақ, асхана, фитнес залы, футбол алаңы, дыбыс жазу студиясы, медициналық мекеме, жазғы терраса, караоке, корей және үнді мейрамханалары, сұлулық салоны, шетел тілі курстары және тағы басқалар бар.
- Табиғатқа шығу мен мәдени және спорттық шаралар: футболдан, пейнтболдан, үстел теннистен, би чемпионаты өткізіледі.
ҚОНЫСТАНУ және ТӨЛЕМ ШАРТТАРЫ
Қоныстану үшін студент келесі шарттарды орындауы керек:
ҚАДАМ 1. Құжаттарды AlmaU-дың қабылдау комиссиясына тапсырыңыз, оқу туралы келісім-шартқа қол қойыңыз
ҚАДАМ 2. Міндетті онлайн-тіркеуді сілтеме арқылы өтіңіз https://cutt.ly/WwoHjxX
ҚАДАМ 3. Жатақханада тұру туралы Келісім-шарт жасаңыз
ҚАДАМ 4. Бір тоқсанның ақысын – 90 000 (3 айға) + 10 000 тг қайтарылатын депозитті төлеңіз
ҚАДАМ 5. Жатақханаға барып, көршілеріңізді таңдап, студенттердің қоныс тойын тойлаңыз!
Назар аударыңыз!
Маңызды! Жатақханада тұру ақысы тоқсан сайын - 3 айға алдын-ала төленеді, ол 90 000 тг. (с.і.1 айға - 30 000 тг.) құрайды+ 10 000 теңге - (қайтарылатын) депозит.
*Сомаға коммуналдық және техникалық қызмет көрсету кіреді!
УНИВЕРСИТЕТКЕ ДЕЙІН АРАЛЫҒЫ
Аралық: 5-6 км
Өтетін жол нұсқалары:
- №1 троллейбус - 30 минут (ауысынсыз)
- 56 автобус - 40 минут
- Машина/Такси - 15 минут (кептеліссіз)
Lifehack: Сізге жол жүру бойынша қалалық 2 ГИС, автобустардың кестесін City Bus қосымшаларынан іздеу ыңғайлы.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ ҮШІН БАЙЛАНЫС
1. Бірінші курс студенттеріне
AlmaU-дың қабылдау комиссиясы
Алматы, Розыбакиев көшесі, 227
8 (727) 313-30-90 (93)
Жетекшісі: Азамат Қадырбек
8 (700) 381-37-66
2. Халықаралық студенттерге
Жетекшісі: Тахир Абдрахманов
8 (707) 316-04-92
3. AlmaU 2 - 4 курс студенттеріне
Студенттермен жұмыс орталығы
Директор - Зарина Кеңесқызы Мұсабекова
313-30-95
Директордың орынбасары - Гүлжан Мұхтарқызы Байжанова
313-28-74