AlmaU профессорлары "Жас ғалым" жобасында жеңімпаз атанды

Жаңалықтар

Қазан 21, 2022

AlmaU профессорлары "Жас ғалым" жобасында жеңімпаз атанды

«Жас Ғалым» жобасы бойынша 2022-2024 жылғы жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру сайысының қорытындысы шықты. Университетіміздің профессорлары ғылымды дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша жеңіске жетті:

 

PhD, Менеджмент мектебінің ғылыми қызметкері Оразғалиева Элмайра Болатбекқызы «Пандемия жағдайында Қазақстандағы медициналық мекемелердің цифрлық қызметтерінің сапасы: бағалау әдістемесі және жетілдіру тетіктері» жобасымен грант ұтып алды.

«Құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету және ұлттық қауіпсіздікті қорғау құралы ретінде құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз сараптамасы» тақырыбы бойынша Педагогикалық шеберлік департаментінің директоры Арын Айжан Арынқызы жеңімпаз атанды.

Жобаларды үйлестіру департаментінің бас менеджері Серікқалиева Ажар Ермекқызы жобасын «Қытайдың Қазақстан экономикасында болуы: мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік салдарлар және стратегиялық серіктестік» тақырыбында қорғап шықты.

Тәуекелдер бойынша бас менеджер Игенбаева Бисенкүл Нұрбайқызы «Елдің инновациялық экономикасын дамытудың маңызды шарты ретінде университеттің кәсіпкерлік білім беру экожүйесінде тәжірибеге бағытталған оқытудың инновациялық моделін дамыту» тақырыбында жобасын ұсынды.

Сонымен қатар, «Машиналық оқыту негізінде тестілеу платформасы үшін алаяқтыққа қарсы жүйені және автоматты аналитиканы әзірлеу» тақырыбында Абешев Куаныш Шурабатырулы, Цифрлық технологиялар мектебінің деканы үздік атанды.

 

Байқаудың басты мақсаты – жас профессорлар санын көбейту және білікті, бәсекеге қабілетті ғалымдарды қалыптастыру. Гранттар жас ғалымдардың – докторанттардың ғылыми зерттеулеріне жұмсалатын шығындарын қаржыландыруға бөлінді.

Оқытушыларымыз бен қызметкерлерімізді жеңісімен құттықтай отырып, ғылым жолында толағай табыстар тілейміз!

Бөліс: