ALMAU OPEN CUP 2022 ШАХМАТ ТУРНИРІ

Жаңалықтар

Сәуір 07, 2022

ALMAU OPEN CUP 2022 ШАХМАТ ТУРНИРІ

ШАХ ПЕН МАТ, ALMAUға ГРАНТ!

Қызықтырды ма? Ендеше, төмендегі ақпаратты мұқият оқып шық

7-8 мамырда университетімізде шахматтан жыл сайынғы AlmaU Open Cup турнирі өтеді. Онда 10-12 сынып оқушылары мен колледж түлектерімен сайысады. Тек бір шарт бар – қатысушылардың екінші және одан жоғары спорттық разряды болуы керек. Шахматшылар рапид швейцар жүйесі бойынша 9 раунд ойнайды.

Бас жүлде 100 пайыздық 4 грант. Ойнайсың ба?

Сонымен, қатысу үшін не қажет?
- ЕКІНШІ СПОРТТЫҚ РАЗРЯДЫН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТ
- МЕКТЕП/КОЛЛЕДЖден АНЫҚТАМА
- ЖЕКЕ НЕМЕСЕ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
- СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ТУРНИРГЕ ТІРКЕЛУ https://almau4u.kz/opencup2022

Егер сен құлшынысқа толы, грант ұтып, жеңімпаз атануға құштар болсаң, тіркеліп, AlmaU Open Cup турниріне қатыс! Асыққаның жөн, себебі орындар саны шектеулі.

 

Бөліс: