AlmaU оқытушылары Францияда дәріс оқуда
2018 жылдың 10-14 желтоқсан аралығында AlmaU Бизнес жоғары мектебінің профессоры, э.ғ.к. Ақмарал Алталиева Erasmus + оқытушылар бағдарламасы бойынша ICD (Париж, Франция) Халықаралық бизнес мектебінде сабақ берді.
Ақмарал Алталиева "Қызметкерлерді халықаралық басқару" пәнінен модульдік форматта 24 сағаттық дәріс өткізді. Аталған сабақтарға әртүрлі елден Франция, Италия, Үндістан, Қытай және Қазақстаннан келген студенттер қатысты.
Сонымен қатар, ол ICD профессорлары Доуха Эль Амри, Дэвид Рутамбук, Лила Гуэрмас, сондай-ақ AlmaU студенттерімен ICD-де өте жемісті кездесулер өткізді. Д-р Доуха Эль-Амри және д-р Дэвид Рутамбука AlmaU қызметкерлері мен студенттеріне жылы сәлем жолдады. Аталған ғалымдар 2018 жылдың көктем айында Erasmus оқытушылар бағдарламасы бойынша университетте болған еді.
Erasmus + бағдарламасы –студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бойынша Еуропалық Одақта білім, тәжірибе алмасуы болып табылады. Аталған бағдарлама шетелдік ынтымақтастық жасауға, жоғары оқу орындарында мәдени және ғылыми тәжірибе жинақтауға мүмкіндіктер береді.
Erasmus + ұтқырлық бағдарламасы студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер үшін өте тиімді, сондай-ақ шетелдік қонақтарды қабылдау үшін жергілікті инфрақұрылымды жақсартудың тамаша тәсілі. Ұтқырлық бағдарламасы мекемелер арасындағы тығыз байланыстарға, білім, идеялар, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен зерттеулер мен жобалар жасауға ықпал етеді.
Almaty Management University және École de commerce et de Marketing ICD серіктестігі екі бизнес-мектептің студенттері мен оқытушыларына академиялық білім, тәжірибе алмасу шеңберінде серіктес Жоғары оқу орнына баруға және қос диплом бағдарламасы бойынша білім алып, AlmaU және ICD дипломдарын алуға мүмкіндік береді.