AlmaU мен Astana International University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жаңалықтар

Қазан 26, 2023

AlmaU мен Astana International University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

AlmaU және Astana International University маңызды келісімшарт жасады, атап айтқанда, AlmaU-дың Саясат және құқық мектебі мен AIU-дің Жоғары құқық мектебі, Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты орнатуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға, жобалар мен тренингтер дайындауға, сонымен қатар кадрлардын біліктігін арттырып, оқыту сипатындағы іс-шараларды өткізу үшін ғалымдар мен оқытушылармен алмасуға келісті.

AlmaU – дың Саясат және құқық мектебінің деканы Есиркепова М., AIU-дің Жоғары құқық мектебінің деканы Хирмухамедов Н., Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Ибраева А. "Құқықтану" және "Халықаралық қатынастар"білім беру бағдарламалары саласында бірлескен бастамамен жұмыс істейтін болады деген шешім қабылданды.

Бұл маңызды серіктестік екі университеттің студенттері, үшін де, ғылыми қоғамдастық үшін де өнімді болмақ.

 

Бөліс: