AlmaU қысқы мектебінің күнделігі: үшінші күн
Қазақстанның әр түрлі оқу орындарынан келген оқытушылар AlmaU-да XXIII Қысқы мектеп аясында үшінші күн оқуда.
Бұл күні қатысушыларға стресс-менеджмент бойынша тренинг өтті. Статистикаға сүйенсек америкалықтардың 90%-ы үнемі күйзеліске душар болады екен. Қазақстанда бұл туралы нақты мәлімет жоқ, бірақ шамамен алғанда 85% қазақстандық күйзеліс жағдайында өмір сүретін көрінеді.
Бизнес-тренер, кеңесші, қызметкерлерді басқару саласындағы сарапшы Самал Мамашаева күйзеліс дегеніміз не? Оның деңгейін қалай анықтауға болады және одан шығудың жолдары жайлы айтты.
"Бүгінгі таңда силлабус педагогтің кәсібилігін анықтайды, соған байланысты оқытушының курстарына студенттер жазылады немесе жазылмайды. Білім алушылар болашақта университетті емес, оқытушының силлабусын таңдайтын уақыт келеді", - дейді Алмагүл Қанағатова.
Авторлық силлабус дегеніміз не? Ол қандай талаптар бойынша құрастырылады? Бұл сұрақтардың жауабын қатысушылар «Жүйелі силлабус: тұжырымдамасы, оны құрастыру және жасау» треннингінен білді (спикерлер: Әлеуметтік байланыс және стратегиялық коммуникация мәселесі жөніндегі сарапшы, «Самрұқ-Қазына» АҚ жанындағы тәуелсіз сараптама орталығының бас директоры Ербол Исмаилов және AlmaU инновациялық бағдарлама орталығының директоры Айымгүл Тлеужанова).
"Біздің міндетіміз сіздерді силлабус жасауға үйрету емес, силлабус контентін ойлауға, түсінуге үйрету. Силлабус - оқу жоспарының маңызды бір бөлігі болып табылады, онда: студент нарықтың талаптарына сай маман болу үшін қандай құзыреттер мен дағдыларды үйренуі тиіс деген сұраққа жауаптар жазылады", - дейді Айымгүл Тлеужанова.
Centre for Teaching Excellence AlmaU директоры Гаухар Нұрша және Centre for Teaching Excellence AlmaU менеджері Нұргүл Жанабаева «Авторлық тренинг құру: педагогикалық шеберлікке тағы да бір қадам» тақырыбында қорытынды семинар өткізді. Тренер мен педагог арасындағы айырмашылық, оқытушы ретінде жан-жақты болу, өзін қалай ілгері дамыту – жайлы сұрақтар және басқа да мәселелер тренинг барысында талқыланды.
"Біз оқытушылар қосымша тәжірибе алып, кез келген жастағы аудиторияға тренингтер өткізгенін қалаймыз. Біз сіздерге "мен - оқытушымын" деңгейінен "мен - жаттықтырушымын" деңгейіне дейін жету үшін бағыт-бағдар береміз, жол сілтейміз. Тренинг – бұл тек оқу бағдарламасын меңгеру ғана емес, сонымен қатар айналадағы бізді қоршаған барлық нәрсе: бұл имидж, бұл бедел, бұл ілгерілеу, бұл әлеуметтік желі және т.б." – деп өз ойымен бөлісті Гаухар Нұрша.
Қысқы мектептің қатысушылары ертеңгі күнді тағатсыздана күтуде, өйткені олардың алдында құпия спикер шығып сөз сөйлейді. Қатысушылар оның кім екендігі жайлы ойланулары тиіс.