AlmaU қысқы мектебінің күнделігі: төртінші күн
Біздің қысқы мектеп қатысушылары үш күнді тамаша жағдайда өткізді. Төртінші күн қатысушылар үшін қызықты болды. Олар өздері таңдаған тректері бойынша тренинг барысында дайындаған өз жобаларын таныстырды.
Бүгін қонақтар AlmaU XXIII қысқы мектебінің "құпия спикерімен" танысатын күн. Кәсіпкер, мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, кәсіпкерлік туралы кітаптардың авторы, жаңа форматтағы онлайн университетінің бастамашысы – Қуаныш Шонбай.
Қуаныш Шонбай-Rumi Group Палау орталығының негізін салушы. Алматылықтар үшін Rumi мейрамханалар желісінің пайда болуымен "дәмді палау" сөз тіркесі қоса жүретін болды. Мейманхана бизнесі саласында жетістіктерге жеткен Қуаныш мырза сабақ беруге шешім қабылдаған-бұл жұмысқа өзін бейімдімін деп санайды. Биылғы жылы Қуаныш Шонбай Қазақстанның білім беру саласына мүлдем басқа контент- қазақ тілді аудиторияға онлайн-білім беруді енгізді, бұл дәстүрлі форматтағы университеттер үшін ерекше маңызды мәселе болып табылады.
Қуаныш мырза тыңдаушылармен өз тәжірибесімен бөлісті. Ол оқытушыдан кәсіпкерлікке дейінгі жолы неден басталғандығы жайлы айтты. Қуаныш Шонбай өзінің оқытушылық қызметі туралы, "Rumi" мейрамханасын ашу идеясы қалай пайда болғаны және ол не себепті мейрамхана бизнесінен кетуге шешім қабылдағандығы жайлы айтты. Ең негізгісі Қазақстан нарығында мүлдем жаңа форматты мектеп ашу идеясы қалай келгендігі туралы айтты. Оның мектеп жайлы идеясы жоғары оқу орындарының оқытушылары болып табылатын тыңдаушылар үшін қызықты болды, өйткені ол білім беру саласында жаңа көзқарастар мен жаңашылдықтарды ұсынды. Қатысушылар спикерге көптеген сұрақтар қойды.
Қонақтың сөзін тыңдаған қатысушылар өз жобаларын таныстыру кезінде ерекше шабытпен жұмыс істеді. Топтар болашақта жүзеге асыратын қызықты да пайдалы жобаларын көрсетті. «Оқу бағдарламаларының педагогикалық дизайнын қайта жүктеу. Білім беру саласының инновациялық технологиялары мен әдістері» тренингінің спикері Әлеуметтік байланыс және стратегиялық коммуникация мәселесі жөніндегі сарапшы, «Самрұқ-Қазына» АҚ жанындағы тәуелсіз сараптама орталығының бас директоры Ербол Исмаилов жобаларға жоғары баға беріп, оның иелеріне меншік құқығын алуларына кеңес берді.
Ұсынылған жобалар арқылы орасан зор нәтижелер көрсетілді. Бұл жұмыстардан қысқы мектеп қатысушыларының жаңашылдыққа деген ерекше ықыласын көруге болады. Олар өз істеріне деген құлшынысы мен ниеттерін көрсетті.