AlmaU қысқы мектебінің күнделігі: екінші күн
Бұл күн ерекше болды. Қонаққа келген спикерлер қатысушылармен пайдалы ақпараттарымен бөлісті, қызықты жаттығулар жасап, түрлі ойындар өткізді. Ал кешке қатысушыларға дауыспен және денемен жұмыс істеу әдістерін үйренуге мүмкіндік туды.
Түске дейін оқытушылар цигун практикасынан жаттығулар жасады, интерактивті ойындар ойнады, сурет салып, тіпті би биледі. Тренинг барлық қатысушыларды жігерлендіріп, жақсы көңіл-күй сыйлады. Әлеуметтік-еңбек қатынастары және стратегиялық коммуникациялар саласындағы сарапшы Ербол Исмаилов қатысушыларды шабыттандырып, команда құру жұмысы қалай ұйымдастырылатынын іс жүзінде көрсетті.
Түскі үзілістен кейін қатысушылар пленарлық сессия үшін топтарға бөлінді.
Қазіргі уақытта "Эмоциялық интеллект" термині туралы көп айтылуда, бірақ сіз бұл сөзді қалай түсінесіз? Өзіңізге сұрақ қойдып көрдіңіз бе? эмоция мен сезім –синоним бе? Эмоцияларды басқаруға бола ма? Сіз өзіңізді жақсы білесіз бе?
Мұндай сұрақтарды келесі тренингтің қатысушылары өз-өздеріне қойды (спикерлер - Ирина Хан, шешендік өнер шеберханасының жетекшісі, Emerita Professor, кәсіпкерлік және стратегия магистрі Данияр Медетов (Хенли Бизнес Мектебі, UK), бірқатар стартап-жобалардың негізін қалаушы).
"Басшының эмоциялық интеллекті" курсының тренерлері визуализацияны пайдаланып, қатысушыларға фильм көруді ұсынды. Содан соң ойланып, фильмнің кейіпкерлеріндегі бастан кешкен эмоцияларды, өздерінің жеке кейстеріндегі жағдайды одан әрі талқылау барысында қолдануды ұсынды.
«Авторлық тренинг құру: педагогикалық шеберлікке тағы да бір қадам» атты пленарлық сессияға спикер болып оқытушы және тренер ретінде Светлана Ушакова келді. Светлана оқытушы, мұғалім және тренер арасындағы айырмашылықтың қандай болатындығын түсіндірді. Интерактивті (пайдаланушының іс-әрекетіне әсер ететін) оқыту әдістері туралы, өз тәжірибесі туралы айтып, тыңдаушылармен педагог ережелерімен бөлісті.
Содан соң қатысушыларды Александра Биглердің "денені басқару және дауыспен жұмыс" тренингі күтіп тұрды. Александра-театр және кино актрисасы, режиссер, сертификатталған жаттықтырушы және "Fitnation"фитнес-клубы топтық бағдарламалар үйлестірушісі.
Оқытушылар іс жүзінде дене импульсын түсінумен және дауыспен жұмыс істеді.
"Профессорлар, ректорлар, оқытушылар үшін өз денесімен жұмыс істеу өте маңызды, себебі дене — энергетикалық ресурс және адамның өз ойын білдірудің бір тәсілі. Оқытушылар актерлер сияқты денемен жұмыс істейді. Біз оқытушылар ақыл-ойды пайдаланып, денені пайдаланбайтынына үйренгенбіз. Өзімізді дамыту үшін оқытушылар түрлі техникалармен айналысуы керек", - деді Александра Биглер.
Ертең қатысушылар «күйзеліс» сөзін басқаша тұрғыдан қарастыратын болады.