AlmaU қысқы мектебінің күнделігі: бесінші күн
12 қаңтар «Заманауи университет:жаңа тыңдаушыларға жол сілтейді» атты қысқы мектептің соңғы күні болды.
Бұл күні қысқы мектептің қорытындысын жасай отырып,бағдарлама қатысушылары үшін Алмагүл Қанғатова сөз сөйледі. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс сөздерін айтты. Кейбір қонақтар өз балаларын біздің оқу орнына түсіру үшін міндетті түрде келетіндіктерін атап өтті.
AlmaU ректоры Гүлмира Курганбаева өз сөзін жаттығу жасаудан бастады. Гүлмира Аманжолқызы қатысушылардың оқу мекемесіне сертификаттарын тапсыру үшін арнайы баратындықтары туралы тосын жаңалықты жариялады. Одан кейін психологиялық жаттығу өткізді, онда әрбір қатысушы өзін қалай сезінеді және қандай тұрғыда көреді сол жайлы сурет салды, әрі қарай әрқайсысы көршісінің арқасына қағазға өз тілектерін жазды.
Таныс және бейтаныс А.Б.
Дәстүрлі "AlmaU қонақжайы" осылай аталды, ол XXIII қысқы мектептің соңғы рәсіміне арналған еді. Өздеріңізге белгілі болғандай бағдарлама жүргізушісі Ирина Ханның бұл жолғы қонағы Almaty Management University (alma University) негізін қалаушы және президенті Асылбек Қожахметов болды.
Ол туралы көп жазылған, ол туралы білетін сияқтымыз және білгіміз келетіні де көп тәрізді. Сондықтан Ирина Гурьенва Асылбек Базарбайұлына бірқатар сауалдар қойды. Сұрақтардың бірі: "неге сіз өз тағдырыңызды білім берумен байланыстырдыңыз?".
"Егер білім туралы айтатын болсақ, жалпы ол жылдары көптеген өзгерістер болып жатты, мен мемлекеттік университетте жұмыс істедім, кафедрада тек ғылыми қызметкерлер болды. Қайта құру заманы жүріп жатты, кооперативтер құрылды. Немен айналыссам деген ой келді. Кейбір жігіттер сникерстер сата бастады, мысалы менің ағам. Негізінде, ол маған қарағанда әлдеқайда жақсы өмір сүрді. Содан кейін олар компьютер сата бастады, яғни бұл "сатып алу-сату" кезеңі еді, бұл өте тиімді болды. Бірақ сол уақытта білім беру саласында жағдай соншалықты жақсы емес еді. Ғылыммен айналысу ештеңе әкелмейтіндігін білдім. Сонда мен: егер мен әлемге өзімді дәлелдегім келсе, ең күрделі және ең қиын нәрсені жасауым керек –деп ойладым. Егер бұл іс қолымнан келсе, онда бұл нағыз мақсат, нағыз нәтиже болатындығына ешкім күмән келтірмеді. Сондықтан мен білім қалай дамыса да, қандай бағытта болса да білім берумен айналысамын деп шештім!» - Асылбек Кожахметов.
"Білімді таумен салыстыратыныңыз жайлы айтып бересіз бе?"- деп өтініш жасады Ирина Хан.
"Білім тау тәрізді. Тауға барғанда оны көресің де қандай керемет деп таң қаласың. Қазір осы тауға шығып өз арманымды жүзеге асырамын деп ойлайсың. Әрең демалып, ақырында тауға еңбек етіп шығасың. Таудың басына жетіп, айналаңа шолу жасайсың, сол сәтте басқа да жоғары шыңдар көріне бастайды. Оның қасында одан да биік шың бар екен, ол одан да қызықты болып көрінеді, бірақ ол алғашқы таудан көрінбегендігін түсінесің, оны осы тауға шықпасаң көре алмайсды екенсің. Келесі тауға шығып басқа келесі тауды көресің. Білім де осы тау тәрізді. Маған: білген сайын білмейтінің көп екен деген сөздер ұнайды. Төменде тұрып, саған басқа не керек екенін түсінбейсің. Сондықтан да бір кітапты оқып болған соң, тағы да 10 кітап оқуың керек."- Асылбек Қожахметов.
"Тілдерді меңгеру міндетті түрде адамның орнын анықтайды ма?"- деп Ирина Хан келесі сұрағын қойды.
"Барлық нәрсе адамға байланысты. Менің ойымша, адамдарды екі түрлі топқа бөлуге болады: гендерлік және ұлттық қағидат бойынша. Менің ойымша, адам ұлттық патриот немесе космополит. Орташасы болмайтын тәрізді! Ұлтшыл-патриот:қандай да бір белгілі бір ұлттың арасында өмір сүргісі келеді, ол жерде оған қолайлы, онда туыстары, жақсы көретін тағамдары, өзіне ұнайтын ауасы бар. Екінші-космополит, ол: жалпы маған қай жерде өмір сүретіндігім маңызды емес, маған экологиясы жақсы болуы тиіс, балаларға жақсы білім берілсе, денсаулығымыз жақсы болса, қызмет жолында өсуге мүмкіндіктер болса жеткілікті деп ойлайтын адамдар. Бұл қалыпты жағдай. Космополит ерекше жандар.Ең бастысы әрбір адам кім екенін өзі анықтауы керек!».
Бұл Ирина Хан және Асылбек Қожахметовпен болған қызықты сұхбаттың бір бөлігі ғана. Қонақтар үшін бұл қысқы мектептің тамаша қорытындысы-аяқталуы болды, олардың айтуынша, қатысушылар білімнің жаңа жемісінен дәм татып, сусындап осы білімдерімен әрі қарай бөлісуге дайын!