AlmaU ҚР үздік гуманитарлық-экономикалық ЖОО рейтингісі бойынша 3 - орында
Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚТҚА) 2016 жылға еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарының рейтингісін дайындады. Рейтингіге Қазақстанның 52 жоғарғы оқу орындары қатысты. Сондай-ақ бұл ТОП бірнеше санатқа бөлінген: көппрофильді, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық, педагогикалық жоғарғы оқу орындары, сонымен қатар өнер жоғарғы оқу орындары.
Қазақстанның гуманитарлық-экономикалық жоғарғы оқу оырндары ішінде көшті бастап тұрған КИМЭП университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті және Aлматы Менеджмент Университеті. 4 және 5 - орында – «Нархоз» университеті және «Тұран» университеті, тиісінше.
«БСҚТҚА ұлттық рейтингі үш бөліктен тұрады: 1, 2 және 3- сауалнама. №1 сауалнама академиялық статистикалық көрсеткіштер мен өлшемдерді ұсынады және студенттер құрамы, олардың оқу нәтижелерін, профессорлық-оқытушылық құрамның сапасын, жоо-ның ғылыми және инновациялық қызметін, халықаралық ынтымақтастығын, сондай-ақ Ғаламтордағы ақпараттық деңгейін ескереді. №2 сауалнама жоғарғы оқу орындары сарапшылары алдында жоғарғы оқу орнының беделін көрсетеді, №3 сауалнама жұмыс беруші алдындағы жоғарғы оқу орнының беделін көрсетеді», — деп, ұйым президенті Шолпан Қаланова рейтингіні жүргізу жүйесін түсіндіріп берді.