AlmaU –ға Жапон елінің зерттеушілері бас тіреді
30 қаңтарда Алматы Менеджмент Университетіне Орталық Азиядағы кәсіби адами ресурстарды зерттеу аясында Жапонияның делегациясы келді.
Ескеретіні, қазақстандық жоғарғы оқу орнының біріне келуге қонақтар өздері ықылас білдірген. Нәтижесінде Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасы және Жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігі делегация мүшелеріне Қазақстанның бірінші жекеменшік бизнес-жоғары оқу орны AlmaU-ды ұсынған.
Қонақтардың бұл сапарының алғышарты 2015 жылдың қазанында Қазақстанға Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ мырзаның ресми сапары кезінде қаланған болатын. С. Абэ мырза «өнеркәсіпті жетілдіру» және «адами ресурстардың дамуы» бойынша өркендеу саласындағы жапондықтардың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығының басты компонентінің бірі болып табылады. Премьер-министр айтқан идеялардың жалғасы ретінде зерттеулер жүргізілуі тиіс еді, оның мақсаты – өнеркәсіп саласындағы адами ресурстардың кәсіби дамуы туралы ақпарат жинап, ағымдағы мәселелерге талдау жасап, қаншалықты қолдау керек екенін анықтау, сонымен қатар Жапония Орталық Азияның бес елімен, атап айтқанда Қазақстанмен, Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, Қырғызстанмен және Түрікменстанмен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруда.
AlmaU-ға келген жапондықтар делегациясының құрамына JICA өкілдерімен қатар O.P.C., корпорациясынан тартылған зерттеушілер де, сонымен қатар Global Development & Management Consultants Inc қызметкерлері де еніпті. Қонақтардың ішінде өнеркәсіп саласында адами ресурстарды дамыту бойынша аға кеңесші Нобору Какису; ғылыми және инженерлік білім беру бойынша аға кеңесшінің орынбасары Такаюки Мотойа; кәсіби –техникалық білім беру мен оқыту бойынша кеңесші Тадао Ишии; өнеркәсіпте адами ресурстар қажеттілігіне талдау жасау бойынша кеңесші Масами Тсуюуки; білім беру саясаты бойынша кеңесші Этсуко Икеда; өнеркәсіптік құрылымды талдау бойынша кеңесші Манами Такеда; білім беруді талдау бойынша үйлестіруші Казуха Окада болды.
Алғашында қонақтарды кампуспен таныстыру үшін экскурсия ұйымдастырылды, оларға университеттің инфрақұрылымы қатты ұнады. Шетелдіктер жоо-ның жаңа атриумында, жақында ғана салынған Creative Zone және AlmaU мұражайында болды. Содан кейін қонақтардың назарына университет, алға қойылып отырған жоспарлары туралы презентация ұсынылды.
AlmaU-дың академиялық дамуы жөніндегі проректоры Гүлмира Курганбаева өз сөзінде жаңа корпус салынып жатқанын, онда Кайдзен зертханасы, сонымен қатар университетте жақында ғана ашылған жаңа мамандық Инженерлік менеджмент Мектебі зертханасы жұмыс істейтінін айтып кетті.
Қонақтар сапарларына көңілдері толғанын айтып, Қазақстанда қандай да бір іспен айналысқысы келетін әрі біздің университет туралы білгісі келетін компаниялар мен жоо-ларға ақпарат беретіндерін білдірді.