AlmaU –дың шетелдік студенті Шахноза: «Адам жайлы жағдайдан шыққанда ғана, дамуға мүмкіндік туады»
Шахноза Кадырова биылғы жылы AlmaU-ға оқуға түсті. Шахноза Өзбекстаннан келген. Ол көктем мезгілінде AlmaU-да шетелдіктерге арналып, ұйымдастырылған «Megachance» олимпиадасына қатысып, бакалавриат бағдарламасына 100-пайыздық грант ұтып алды. Шахноза мектептің 9 сыныбын аяқтап, колледжде «Қаржы» мамандығы бойынша оқыған. 24 жастағы Шахноза өте ақылды да байсалды пайымдайды. Біз шетелдік студентпен бірден тіл табысып, сөйлестік.
Шахноза:
- Өзбекстанда менің жасымдағы қыздардың отбасы және балалары болуы тиіс. Бұл шындық. Бірақ мен бұл салтқа қарамастан «Мен оқимын» деп шешіп, Қазақстанға кетіп қалдым. Мұнда небір мәселелер болды, тұратын жерге байланысты қиындықтар туындады. Бұл жақтың жастары басқаша ойлайды екен. Алғашқы уақытта мен таңқалып жүрдім. Содан кейін уақыт өте келе менің жасым 18-де емес 24-те қой деп үйрене бастадым. Менің сабағым сағат 13.00-де басталады, ал мен университетке сағат 11-де келіп жастармен араласып, шабыттанамын.
Өзіңіз туралы, Өзбекстандағы өміріңіз жайлы әңгімелеп бересіз бе?
- Мен Ташкент қаласында тудым. 9 сыныпты үздік аяқтадым, одан соң колледждің «Қаржы» мамандығын қызыл дипломмен аяқтадым. Мен үнемі жақсы оқып, көшбасшы болдым. Бірақ отбасымыздың қаржы мәселесіне байланысты жоғары оқу орнына түсе алмадым. Мені үнемі «Қалайша мен оқи алмаймын? Үштік бағамен оқитындар да жоғары білім алып жатыр, ал мен болсам әлі орта біліммен жүрмін» деген ой мазалайтын. Мен тіптен осы жағдайды ойлай-ойлай күйзеліске түскен кездерім де болды. Содан кейін мен өз мамандығым бойынша банкте, нотариалдық кеңседе жұмыс істедім. Біртіндеп ақша тапқан кездерімде, білім алу маңызды еместей көріне бастады. Бірақ соңғы уақытта түсінгенім: жоғары білімі бар адамның білімі де, мүмкіндіктері де көп болып, жұмыс бабымен алға жылжи алады. Сондықтан да одан әрі оқиын деп шештім.
Менің ойымша, жақсы оқу орны әрдайым келген адамдарды жақсы қарсы алуы тиіс.
-AlmaU жайлы, «Mega Chance» туралы қайдан білдіңіз?
-Мен Алматыға дос қызымның тойына келген кезімде, осында оқығым келетіндігін түсіндім. Қала тұрғындары маған ұнады, олар өзбек халқына ұқсайды екен. Мен көптеген университетке ҚМЭБИ, ҚБТУ,СДУ-ге бардым. Сонымен қатар AlmaU-ға келіп, 123 кабинетке кірген кезімде мені қызметкерлер жылы қарсы алып, «Отырыңыз, біз сізге оқу туралы барлығын айтып, түсіндіреміз»-деді. Адамдар қонаққа барған кезде, кім жылы қарсы алса, сол жерге қайтадан келгісі келіп тұрады ғой. Сол сияқты мені жақсы қарсы алып, маған университетті, зертханаларды көрсетті. Мұнда түлектерді қолдайтын орталық бар екен. Маған сол ұнады және одан әрі Еуропада білім алуға мүмкіндіктер ашылатын сияқты. AlmaU –да тоқта-болмайды деп тыйым салынбайды, керісінше – opportunity. Маған осы жағдайлар ұнады және «MegaChance» байқауы туралы біліп, қатыстым.
«MegaChance» байқауының жеңімпазы болғаныңызды естігенде қандай күйде болдыңыз?
- 100 пайыздық грантты ұтып алғанымды естігенде, қуанғанымнан жылап жібердім. Өзіңіз түсінесіз ғой, 5 жыл оқуға түсе алмай жүріп, тегін оқуға түсу деген керемет емес пе? Мен ести сала анама айттым, ол кісі де жылады, оның жанында әжем отырып мен үшін дұға оқыған еді. Осылайша барлығымыз қуандық.
Ата-анаңыз сіз сыртқа кетіп оқитыныңызды естігенде қандай жағдайда болды?
- Олар мен үшін қуанды, себебі бұл менің көптен күткен арманым еді. Мен дәстүрімізді бұзғаныма өкінбеймін. Бұл жаста мен отбасын құруым керек еді, бірақ мен үшін арманым маңыздырақ. Ал менің отбасым мені әрдайым қолдап, менің таңдауымды құрметтейді.
Сіз қандай мамандықты таңдадыңыз?
- Маған колледжден кейін университетте 3 жыл оқып, диплом ала алатындығымды айтты. Мен колледжде «Қаржы» мамандығын үш жыл оқыдым, сондықтан да ерте оқып бітіре алады екенмін. Бұл мен үшін тағы бір мүмкіндік болды.
Сіздің қандай жоспарыңыз бар?
- Мен бір кездері интерьер дизайнымен, сәулет өнерімен айналысып, AutoCAD, 3ds Maxте бағдарламасымен жұмыс істеген едім. Мен сияқты дизайнмен айналысқысы келетін адамдар өте көп. Өзбекстанда 36 млн. адам бар, ал архитектуралық жоғары оқу орны біреу ғана. Сондықтан да мен студиясы бар жеке меншік мектеп ашқым келеді. Ол үшін маған қаржы жайлы білім қажет. Мектепті қалай ашу керек, құжаттарды дайындау, бизнес-жоспарды құрастыру, демеушілерді табу жайлы білімді үйрену керек. Сіздердің университет маған осы білімді беріп, үйретеді деген ойдамын.
«Адам жайлы жағдайдан кеткенде ғана, оған дамуға мүмкіндік туындайды»
Сіз Өзбекстанда қалай өмір сүріп едіңіз, Қазақстаннан өзгешелік бар ма?
- Шынымды айтса, мұнда мүлдем басқаша. Үйде барлық жағдай жасалған, өз бөлмең бар, барлығы дайын. Мен қоғамдық көлікпен ешқашан жүріп көрген емеспін. Таңертең хауызға-бассейнге баратынмын, содан кейін жұмысқа барып, кешке жақын тренажер залына жаттығуға баратын едім. Ал мұнда студенттік өмірді көріп жатырмын. Ақша жұмсамас үшін жаяу жүремін. Әзірше бассейнге, тренажер залдарына бара алмаймын, себебі мен үшін бағасы қымбаттау. Сонымен қатар пәтерге төлеп, тамақ алу қажет. Материалдық жағдай мұнда қиындау, ал рухани жағынан дамуға мүмкіндіктер бар деп ойлаймын. Менің ойымша, адам жайлы жағдайдан кеткенде ғана, оған дамуға мүмкіндік туындайды. Мен қазір бар күшімді салып оқуым қажет, егер балдарым төмен болса, гранттан айырылып қаламын.
Менің үйім – университет, ал туысқандарым – студенттер
Туыстарыңыз сізді қалай шығарып салғаны жайлы айтып берсеңіз.
-Маған билетті жолға шығуыма 2 сағат қалғанда рәсімдеп алды. Мен тез заттарымды дайындадым. Ал үйде барлық туыстарым жиналып, дәстүр бойынша мерекелік палау дайындады. Асыққандықтан дұрыстап та ешкіммен қоштаса алмадым. Қазір барлығын сағынып жүрмін. Қыздар ғашық болғанда қиын болады ғой, сол сияқты мен- ата-анамды қатты сағынып жүрмін. Алматыда менің туыстарым жоқ, сондықтан да университет-менің үйім, ал студенттер-менің туысқандарым.
Сіз –өте батыл, мықты жансыз! Сұхбатымыздың соңында не айтар едіңіз?
- Мен арманға қол жеткізу үшін ешқашан кеш болмайтындығын түсіндім. 20 жылдан кейін істемегендігіңіз үшін өкінесіз, ал істеген әрекетіңізге ешқашан өкінбейсіз деген ойдамын.