AlmaU –дың халықаралық ынтымақтастығы

Жаңалықтар

Тамыз 09, 2016

AlmaU –дың халықаралық ынтымақтастығы

9 тамызда Aлматы Менеджмент Университетіне бір күнде Алматы қаласындағы Венгрияның Бас Консулы Ференц Блауманн және Алматы қаласындағы Әзірбайжан Республикасы Елшілігінің Өкілі Низами Рустамов келді. AlmaU-дың Бірінші проректоры  Гүлмира Курганбаевамен кездесіп, қонақтар білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Сонымен қатар кездесудің  күн тәртібіне Венгрия мен Әзірбайжан оқытушыларын біздің университетімізге шақыру және осы елдердің студенттері үшін  AlmaU –да оқуға гранттар бөлу мәселелері қойылған болатын. Әсіресе, шетелдік қонақтарды биыл  Инженерлік Менеджмент Мектебі ашылатыны туралы ақпарат қызықтырды. Сонымен қатар  Венгрия мен  Әзірбайжан өкілдерін инновациялық мұражаймен таныстырып, жоо тарихынан, соңғы жылдардағы жетістіктері жайында ақпарат айтылды.  

 

Almaty Management Universit Қазақстандағы № 1 бизнес –жоғарғы оқу орны ретінде белсенді халықаралық іс-шаралар ұйымдастырып, халықаралық білім беру кеңістігінде бірігуге шақырады.  Тек Қазақстанда ғана емес халықаралық нарықта да бәсекеге қабілетті болу үшін шет тілін меңгеруге қойылатын жоғары талаптар және кәсіпкерлік пен басқарушылық дағдыларын/ курстарын өту біздің студенттер үшін  міндетті болып табылады.

Әсел  Курмантаева, Халықаралық даму бөлімі 

Бөліс: