AlmaU –дың & CEFAM қос дипломдық халықаралық бағдарламасы
Биылғы жылдың шілде айында AlmaU екі, үш дипломдық халықаралық бағдарлама ашқандығы жайлы хабарлаған еді. Бұл бағдарлама Францияның – CEFAM Франко-американдық бизнес –мектебімен бірлесе құрылды.
Бұл келісімнің мақсаты CEFAM және AlmaU арасында академиялық ынтымақтастық орнату болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы AlmaU-дан іріктеуден өткен студенттер бакалавриаттың бағдарламасын (“Manager des organisations а l’international”, CEFAM туралы толықтай: https://www.cefam.fr/en/) оқып, қос дипломдық бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндіктері бар.
Студенттер 2 жыл AlmaU-да оқып, 1 жыл CEFAM-да және 1 жыл - AlmaU-да оқиды.
- AlmaU –дағы 1 –ші және 2 –ші жылы міндетті пәндердің кредиттерін оқиды
- CEFAM -да 3 –ші жылы Қаржы немесе Маркетингті оқиды
- 6 ай міндетті түрде кез-келген елде (Қазақстаннан басқа) тағылымдамадан өтуге тиіс
- Есеп жазып және ауызша презентация (CEFAM-да) жасап немесе Skype-пен шығу керек. Бұл тағыдымдама оқу кезеңі болып саналады.
- 6 айлық тағылымдама кезінде қосымша төртінші курстың 1 семестрінде AlmaU -дағы пәндер қашықтықтан оқытылатын болады.
- Төртінші курстың 2 семестрінде Қазақстандағы мемлкеттік емтиханды тапсырып, диссертация қорғауы тиіс.
Талаптар:
- студенттер Қазақстанда оқыған алғашқы екі жыл көлемінде ең кем дегенде АҚШ-тың 90 кредитін оқулары керек.
- орташа балл 2.5-тен кем болмауы тиіс.
- ағылшын тілін еркін меңгерулері қажет ( IELTS 6.5 немесе TOEFL-дан 550, AlmaU-дың орта деңгейлік сертификаты )