AlmaU – да жаңа ректор!

Жаңалықтар

Наурыз 02, 2016

AlmaU – да жаңа ректор!

Көктемнің келуімен қатар Алматы Менеджмент Университетінде маңызды  өзгерістер басталып жатыр. ЖОО ректорының міндетін атқаруға Алмагүл Қанағатова кірісті, ол осының  алдында бірінші проректор лауазымында қызмет атқарған болатын. 

Жаңа ректордың  кандидатурасы Университеттің Қамқоршылар Кеңесінің көшпелі мәжілісі шешімімен  Парижде ақпанның соңында  қабылданды.

Алмагүл Қанағатова, философия ғылымдарының докторы, доцент, ол  AlmaU-ге келгенше 2 жыл бойы  «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» адами даму ресурстары департаментінің директоры қызметін атқарған. Атап кету керек, Алмагүл Медихатовна біздің оқу орнымызда бұрыннан ( ол кезде ХБА) тәжірибесі бар, 2009-2014 жылдары ғылым және халықаралық даму проректоры болып жұмыс істеген.  Сонымен қатар ҚазМЗУ –де (Астана) 1996-2009 жылдары түрлі позициялар бойынша еңбек еткен, құқық философиясынан сабақ беріп, тәрбие жұмысымен айналысқан, гуманитарлық факультеттің  және құқық қорғау органдары факультетінің деканы болды.

Германияда және Малайзияда халықаралық студенттер жобаларының жетекшісі болды, Қазақстанның іскери әйелдер Қауымдастығының мүшесі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, «Қазақстанның үздік оқытушысы-2013» номинациясының иегері. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Алмагүл Қанағатова, AlmaU ректоры:

«Құрметті  AlmaU-дың  студенттері, профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкері!

        1440 минут күнде біздің «есепшотымызға»  түсіп, күнде кешке тиімді пайдалана алмасақ уақытымыз есепке алынбай жатады. Уақыт ешнәрсені кейінге қалдырмайды,  уақытты шегере алмаймыз. Сүйгенін, мамандығын, университетті, қаласын адам өзі  таңдайды, себебі оның өзімен өзі болуы керек.  Әрбір адам өзіне жайлы жерден шыға білуі керек, тек сонда ғана ол нағыз өмірдің, өз қызметінің құндылығын біледі, әлі де көп нәрсе жасауға болатынын  түсіне алады 

       Дайын салынған жол бізге арналмаған, алда жаңа міндеттер күтіп тұр,  олар әрекет стандартын және қызмет шыңын қалыптастырады. Бүгінгі таңда мен үшін өмірімнің арқауы, негізі екі нәрсеге сүйенеді: «Қозғалысты жалғастыру.  AlmaU рухында әрекет етуді жалғастыру»! Кәсіби шеберлік мәдениеті, оңтайлылық, сезімталдық, жаныңды салу,  ресурстар мен талантты  дамыту – университетті дамытудың  көзі.

 

       Қазіргі уақытта  біздің AlmaU студенттеріне дайын жауап пен білім беруге  қақымыз жоқ, біз тек қана келешектегі жеке тұлғаның өзі қабылдайтын шешімдерге серпін беруіміз керек. Университет түлегіне тірек болатын құзіреттіліктер «Білімді басқару», «Кәсіпкерлік университет» және «Win-win-win» қағидасы модельдерінің тұтастығымен қалыптасады. Негізгі міндет – дербестендірілген білім беруді  ыңғайлау, оқу жолын  таңдау, оқытушыларды таңдау, инновациялық әдістемелер мен технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру.

 

     Басты  мақсат – HR-технологиялар негізінде университет ішінде мансаптық және кәсіби дамудың ашық жолын құру: қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құраммен  «таланттарды басқару», «мансаптық өсуді басқару».        

 

   Құрметті достар! Қазіргі қиын кезеңде күрделі міндеттер белгіленді, бірақ біз бірге күштіміз, іс-әрекетімізді «Мен» деген дара  әрекеттен гөрі  «Біз» деген ортақ іске жұмсауға тырысайық. Бәріңізге кәсіби жетістіктер, шабыт, береке, отбастарыңызға, жақындарыңызға бақыт тілеймін!»

Бөліс: