AlmaU –да көктем мезгілінің басты мерекесі –Наурыз тойы аталып өтті
23 сәуір күні AlmaU-да ашық аспан астында дәстүрлі Наурыз мейрамы аталып өтті!
Наурыз мерекесі – күн мен түннің теңелуін, табиғаттың жаңаруын, сондай-ақ халықтар достығын бейнелейді. Барлық ел үшін маңызды көктем мейрамы AlmaU-дың да дәстүрлі іс-шараларының бірі болып табылады.
Бұл күні AlmaU қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері спорттық жарыстарда өздерін сынап көрді, қолөнершілердің таңғажайып туындыларын тамашалады, хош иісті және керемет палаудан, ұлттық тағамдардан дәм татты.... іс –шараны рет-ретімен баяндайық....
Наурыз мерекесі дастархансыз өткізілмейтіндігі белгілі!Сондықтан да университеттің барлық бөлімшелері "Наурыз-Дастархан" атты дәстүрлі байқауға қатысып, түрлі тағамдар дайындады. Ал қазылар алқасы бауырсақ, чак-чак, хворост, халва және тағы да басқа дәмдерден ауыз тиді. Сонымен қатар кімнің дастарханы керемет болғанын анықтаулары тиіс еді. Мереке ұлттық спорт жарыстарынан басталды, оның ішінде арқан тарту, гір тасын көтеру, қазақша күрес ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар ептілік пен күш жарыстырудан басқа шахмат, асық және тоғыз құмалақ сияқты түрлі үстел ойындарын ойнады.
Наурыз мейрамын тойлайтын әр түрлі халықтардың әндері мен билері іс-шараның сәнін келтірді. AlmaU-да оқитын шетелдік студенттер өздерінің ұлттық билерін көрсетті. Мереке AlmaU-дың студенттік әнұран әуенімен туды алып жүру шеруімен аяқталды. Атап айтқанда білім алушылар кавказ биі "Лезгинка", зумба билеп, университет студенттері мен қызметкерлері арасында дәстүрлі арқан тарту өткізілді.
Мерекелік кештің соңында танымал «Яшлык» ұйғыр тобы өнер көрсетті.
Мереке қатысушылары палаудан дәм татып, ыстық бауырсақтан жеп, дәстүрлі ұлттық – Наурыз көжеден ішті. Мереке барысында бауырсақ жеп, қымыз ішуден байқау ұйымдастырылды. Мереке жоғары деңгейде сәтті өтті! Керемет қойылымдар, билер, спорттық жарыстар өткізілді. Әрбір адам үшін Наурыз мейрамы-жылдың ұмытылмас оқиғасына айналды деген сенімдеміз!