AlmaU –да БҰҰ және Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымының 70 жылдығына арналған конференция өтті.

Жаңалықтар

Желтоқсан 04, 2015

AlmaU –да БҰҰ және Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымының 70 жылдығына арналған конференция өтті.

2015 жылдың 27 қарашасында Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) «Ақпараттық технологиялар және жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен БҰҰ және ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына арналған «Адами даму: жетістіктер мен мәселелер» атты студенттер мен магистранттардың ЖОО аралық ғылыми-практикалық конференциясы  өтті. 

Конференция жұмысына саясаткерлер, ғалымдар, қоғамдық қызметкерлер қатысты. Солардың ішінде: Екатерина Лазарева болды, ол- «БҰҰ -әйелдер» өкілі – гендерлік теңдік пен  әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша    БҰҰ құрылымында Өкіл/Орталық Азиядағы (Қазақстан) Көпелді бөлімінде; Дудар Жакенов, І - класс кеңесші, Алматыдағы ҚР СІМ Өкілдігінің кеңесшісі; Ален Куспанов, БҰҰ Қоғамдық ақпарат Департаменті ассистенті; Сағади Булекбаев, философия ғылымдарының докторы, профессор ( Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті) және басқалар.

Шараның басталар алдында қатысушыларға арнау сөзбен Алматы Менеджмент Университеті академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нұржамал Дүйсенгулова  шығып сөйледі. Ол қонақтарға жас ұрпақты тәрбиелеуге қосып жатқан үлестері үшін ризашылығын білдіріп, осы конференция тақырыбының өзі жастардың  қызығушылықтары мен дамуларына ықпал ететін әсерлі дүние екенін атап кетті.

Конференция төмендегідей секцияларға бөлінді:

1-секция 1. БҰҰ және ЮНЕСКО: жетістіктер, мәселелер және келешегі;

2-секция 2. Мемлекет, тиімді басқару және адами даму;

3-секция 3. Заманауи әлемдегі экономикалық өсу және өмір деңгейі;

4-секция 4. Мәдениет және спорт: адамның дамуына қосылған үлес;

5-секция 5. Ақпараттық  технологиялар және ғаламдық ақпараттық қоғам құрудың ұлттық моделі.

Конференция аясында тұрақты дамуды қамтамасыз ету әдістері талқыланды, атап айтқанда, адам капиталының ерекше рөлі туралы айтылды. Шақырылған қонақтар байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты игеру, сыбайлас жемқорлықты,  әлеуметтік теңсіздікті   ғаламдық деңгейде   теңестіру  бойынша  шараларды қарастыру керек екенін айтты.

Конференцияның мақсаты дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету, студенттер мен магистранттардың шығармашылығын дамыту, ғылыми білімді дәріптеу, Біріккен Ұлттар Ұйымына және ЮНЕСКО-ға  қызығушылықтарын арттыру, AlmaU  факультеттері мен мектептері арасындағы және басқа да жоо-лар арасындағы байланысты күшейту.

Бөліс: