AlmaU БҰҰ-ның әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту тұжырымдамасын қолдайды
2022 жылдың 4 қарашасында AlmaU-да Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер ұйымының бастамасымен БҰҰ Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарына (WEPs) қол қойған елдердің қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Бұл шараға Гүлшара Әбдіқалықова, бизнес-серіктес «ҚазМұнайГаз» АҚ және АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Caroline Savage қатысты. Сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Schneider Electric, Avon Kazakhstan және TechHUB сияқты ірі компаниялардың өкілдері болды.
Дөңгелек үстел барысында «БҰҰ-әйелдер» ұйымының Қазақстандағы өкілі Мария Доценко Қазақстан әйелдерінің гендерлік теңсіздікпен ұшырасатынын атап өтті. Осы мәселені шешу үшін БҰҰ «Әйелдер кәсіпкерлігі бойынша» атты гендерлік мәселелермен күресуге бағытталған бағдарлама әзірледі. Келесі жылы аталмыш бағдарлама Қазақстанда өткізілмек.
Жаһандық серіктестіктер жөніндегі проректор Әйгерім Қауменова AlmaU Теңдік, әртүрлілік және инклюзия саясатын ұстанатынын және студенттер, қызметкерлер және оқытушылар құрамында гендерлік тепе-теңдікті сақтайтынын атап өтті.
Алматы Менеджмент Университеті гендерлік теңдікті дамыту мен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдайды. Сонымен қатар кәсіпкерлік ортаның дамуына үлкен көңіл бөледі. Іс-шараның нәтижесінде AlmaU БҰҰ WEPs Принциптеріне қол қоюшы болуға және БҰҰ WEPs қағидаттарын ілгерілету үшін халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылармен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.
Толығырақ: https://www.weps.org/about