AlmaU бірінші проректоры ICD бизнес-мектебінде (Париж) болды
Erasmus+ бағдарламасының аясында Алматы Менеджемент Университетінің бірінші проректоры Алмагуль Канагатова іссапармен Франциядағы (Париж қ.) серіктес жоғары оқу орны – ICD бизнес-мектебінде болды.
Франциядағы апталық жұмысқа толы болды. Парижде серіктес жоғары оқу орны студенттерімен кездесу өткізілді, бакалавриат студенттерінің "Project management for MBA students" курсына қатысты, American Business School директоры Фади Фаделмен сұхбаттасты, ICD директоры Бенуа Аубертпен және Николой Тессермен (Director for International cooperation and Marketing, Groupe IGS) кездесті.
Бұл AlmaU мен ICD үшін тәжірибе алмасу бойынша керемет іс- шара болды. ICD өкілдері Erasmus+ студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы екендігін және жоғары оқу орны әкімшілік басшылары үшін де тәжірибе алмасуға болатындығын көрсетті. Қос диплом бағдарламасын ұйымдастыру мүмкіншіліктері қарастырылды және студент алмасу мәселесі талқыланды. Мұндай кездесулер біздің студенттерімізге Парижде білім алуға және Еуропаның ICD бизнес-мектебінде баға жетпес тәжірибе жинақтауға мүмкіндіктер береді.