AlmaU білім берудегі озық құралдар мен трендтерді енгізу бойынша жетекші оқу орындарының бірі

Жаңалықтар

Наурыз 24, 2023

AlmaU білім берудегі озық құралдар мен трендтерді енгізу бойынша жетекші оқу орындарының бірі

2023 жылдың 24 наурызында Алматы Менеджмент Университетінде ICF Kazakhstan бөлімшесінің басшылығымен дөңгелек үстел өтті. Жиында Coaching HUB бірлескен жобасы, коучинг құндылықтары мен директивті емес тәжірибелерді білім беру ұйымдарының оқыту тәсілдеріне интеграциялау мәселелері талқыланды.

«Біз басқару жүйесіне коучинг элементтерін белсенді енгізген еліміздегі алғашқы университетпіз. Біздің Жоғары Бизнес мектебінде МВА бағдарламасында мыңнан астам адам оқиды. Біз бұл құралдарды барлық компанияға жеткізіп, сұраныс арттыру керек деп санаймыз. Сәйкесінше басқарудағы кәсібилік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева.

«Бір жарым жыл бойы AlmaU серіктестік танытып, Қазақстанда коучингті дамыту бойынша жобаларды жүзеге асырып келеді. Университетте Халықаралық коучинг апталығын өткізуге мүмкіндік берді.  «Әйелдерге арналған әйелдер» жобасын, кәсіби жаттықтырушыларды дамыту бойынша ON AIR бағдарламасы, университет стратегиясын әзірлеуде қолдау көрсетті. Біз ынтымақтастығымызды жүйелі негізде дамытуды, Қазақстандағы Coaching HUB және кәсіби коучингті дамытудың ағымдағы бағыттары мен индикаторларын бөлуді жоспарлап отырмыз», – деді бөлімнің бірінші Президенті, Қамқоршылық кеңестің басшысы Елена Григорьева.

AlmaU ICF Kazakhstan бөлімшесімен коучингті және директивті емес көшбасшылық тәжірибелерді дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған алғашқы ЖОО болды. Alma білім берудегі озық құралдар мен трендтерді енгізу бойынша жетекші жоғары оқу орындарының бірі екеніне – бүгінгі жиын дәлел.

 

 

Бөліс: