«AlmaU барлық үмітті ақтаған университеттердің бірі»

Жаңалықтар

Ақпан 20, 2023

«AlmaU барлық үмітті ақтаған университеттердің бірі»

2023 жылдың 20 ақпаны Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Әлібек  Шоқпаров Алматы Менеджмент университетінің ректоры Гүлнар Күренкеевамен кездесті. Кездесуге AlmaU-дың ғылым жөніндегі проректоры Бақытжан Сәркеев, Коммерциаландыру жөніндегі проректор Кэндрик Уайт, Президент кеңесшісі Павалкис Дайнюс, Ақпарат және ресурстар басқармасының директоры Тимур Бұлдыбаев, Жобаларды координациялау басқармасының директоры  Нұрлан Тұрғынбаев қатысты.

 

Екіжақты кездесудің басты себебі –  екі университет арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Әлібек Шоқпаров AlmaU барлық үмітті ақтаған университеттердің бірі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Satbayev университеттің тәжірибесі туралы былай деді: «Біз қазір мемлекеттік бағдарламалар аясында ғылымды, ғылыми-зерттеуді ілгерілету бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірақ  бүгінге дейін осы бағытты монетизациялау және коммерцияландыру кезеңіне шықпадық. Біздің университеттің ерекшелігі ғылыми жобаның барлығы инженерлік ойға қатысты. Дегенмен, геологтар мен металлургтерге, гидрогеологтар мен мұнай-газ өнеркәсібінің инженерлеріне өнімді монетизациялауды үйрету өте қиын болады. Сондықтан біз үшін ең дұрыс шешім – бұл істі білетін әріптестеріміздің көмегіне жүгіну. Біздің университет AlmaU-ды жобаларды бірлесіп орындауға заңды түрде шақырады».

«Иә, біз бизнес мектеп ретінде танымал екеніміз рас. Мұндай танымалдылықтың  өз міндеті де бар. Сөзіңіздің жаны бар, университеттер бірігуі керек. Тек сонда ғана біз коммерциялық тұрғыдан қызықтыратын нәтижелерді бірге жасай аламыз. Бірінші кезекте Қазақстан экономикасы индустриясына қызық болуы қажет. Басты мәселенің бірі біздің ғалымдардың кейбірі коммерцияландыруға аса мән бермейді», - деп атап өтті Гүлнара Куренкеева.

 

Кэндрик Уайт университет атқарып жатқан жобалар жайлы презентация жасап, коммерциализация бойынша өз тәжірибесін бөлісті.  

Кездесу соңында екі университет арасындағы ынтымақтастық жайлы құжатқа қол қойылды. Серіктестік негізінде алдағы уақытта екі оқу орны бірігіп, оқу бағдарламаларын ұсынады.

Бөліс: