AlmaU - Times Higher Education Impact Ranking рейтингінен орын алды
Almaty Management University Times Higher Education Impact Ranking рейтингіне 301+ орынды алды.
Рейтингке 76 елден 462 университет қатысты. Аталған рейтингке Орталық Азиядан қатысқан жалғыз ел - Қазақстан болды, оған 2 жоғары оқу орны қатысты, олар - AlmaU және Гумилев атындағы ЕҰУ.
Сонымен қатар AlmaU тұрақты даму мақсаты бойынша рейтингте келесідей орындарға ие болды:
Тұрақты даму мақсатында | Рейтинг |
Жақсы денсаулық және жақсы жағдай | 301 + |
Білім сапасы | 301 + |
Гендерлік теңдік | 301+ |
Times Higher Education Impact Ranking рейтингі –Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына сәйкес жоғары оқу орындарын қызмет нәтижелерінің көрсеткіші бойынша бағалайтын жалғыз жаһандық рейтинг болып табылады. Мұнда зерттеу, тарату және басқару тәрізді -үш сала бойынша егжей-тегжейлі тексеру және салыстыру жүргізіледі.
Қойылатын талаптар Vertigo Ventures-пен ынтымақтастықта жасалған.
Тізімнің көшбасшысы New Zealand’s University of Auckland, ал Canada’s McMaster University және University of British Columbia, UK’s University of Manchester алғашқы үштіктер қатарында орналасқан.
Рейтингке Жапония мемлекеті 41 мекемесімен, ал АҚШ 31 оқу орнымен және Ресей 30 институтымен қатысты.
Толық ақпаратты және тізімді Times Higher Education сайтынан оқып, таныса аласыздар.